Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы балалар колониясында «Кітап оқуға құшта...

Алматыдағы балалар колониясында «Кітап оқуға құштарлық!» жобасы өтті

Заң мен тəртіп 09.12.2024, 10:53 1,020
Алматыдағы балалар колониясында «Кітап оқуға құштарлық!» жобасы өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде жазасын өтеуші жасөспірімдер үшін «Кітап оқуға құштарлық!» атты шектеусіз оқу жобасы аясында ерекше іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұл рухани шараға Алматы қаласының Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жұмахан Нұлыхан мен Шарайна Құмарова әділ қазылық етті. Сонымен қатар мекемедегі жалпы білім беретін мектептің тіл мамандары А. Алиева мен Е. Бутенко да белсене қатысты. Іс-шарада он төрт жазасын өтеугі жасөспірім өздері оқыған көркем шығармаларды таныстырып, олардың мазмұнын, тәрбиелік мәнін, үлгі аларлық тұстарын шебер жеткізді.

Жырларды нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, прозалық туындыларды әсерлі баяндау арқылы олардың кітап оқуға деген қызығушылықтары мен шынайы құштарлықтары анық байқалды. Оқушылардың жүрегінен орын тапқан шығармалар қатарында Ұлы Абайдың өлеңдері, Бейімбет Майлин, Бердібек Соқпақбаев, Асқар Сүлейменов секілді қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының туындылары, Агата Кристидің детективтері, орыс классиктерінің шығармалары, сондай-ақ қазіргі заманғы әдебиет өкілдерінің еңбектері де бар.

 Жастардың бос уақытын пайдалы өткізіп, көркем әдебиетке бет бұруы лайықты бағаланды. Белсенді қатысушылар мекеме басшылығы атынан алғыс хаттармен және сый-сияпаттармен марапатталды. Іс-шара соңында мекеме бастығы Алмат Сүлейменов қонақтарға алғыс айтып, жасөспірімдерді көркем әдебиет арқылы білімге, рухани даму мен тіл байлығын арттыруға, әдеби мұраларды дәріптеп, насихаттауға шақырды.

– Бұл жоба – жас ұрпақтың саналы болашағына бағытталған маңызды қадам, – деді ол. 

Іс-шара барысындағы әрбір сөз, әрбір оқылған шығарма жасөспірімдердің жан-дүниесіне үміт сәулесін ұялатқандай болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар колониясы #кітап оқуға құштарлық #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика