AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналға...

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Алматы 23.03.2026, 19:56 264 dulatbekova
Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр. Концерттік бағдарлама мен халықтық серуен көктемнің, жаңару мен бірліктің ерекше рухын паш етуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түскі уақытта сахнада жас өнерпаздар — музыка мектептерінің оқушылары өнер көрсетті. Олардың қатарында қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздары Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов негізін қалаған оқу орнының тәрбиеленушілері де бар. Балалар вокалдық нөмірлер, би қойылымдары мен хор ұжымдарының өнерін ұсынды.

Одан кейін бағдарламаны жас орындаушылар жалғастырып, вокал мен сахналық шеберлігін көрсетті. Әсіресе, өнерпаздардың сахналық образдары көрермен назарын аударды. Жиналғандар әрбір нөмірге жылы ықыласпен қолдау білдірді.

Келесі кезекте сахнаға шығармашылық ұжымдар шығып, өнерін ұсынды. Солардың ішінде әнші Тілек Базаровтың өнері ерекше көзге түсті.

«Сақ» этно-фолк тобы дәстүрлі әуен мен заманауи сахналық эстетиканы үйлестіре отырып, көрермендерді тәнті етті. Өнерпаздар қолдан тігілген ұлттық киім киіп шығып, дәстүрлі аспапта ойнап, зор қошеметке ие болды.

Сонымен қатар сахна маңында түркі халықтарының мәдениетіне арналған түрлі елдердің қолөнершілер көрмесі өтіп жатыр. Мұнда ұлттық бұйымдар мен дәстүрлі тұрмыс құрылымдары ұсынылған. Қонақтардың айтуынша, мұндай алаңдар қазақ мәдениетін тереңірек танып-білуге және оны кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

«Қазір қыз-келіншектердің ұлттық әшекейлер мен камзол киіп жүргені қуантады. Наурызды кең көлемде атап өту дәстүрді жаңғыртып, жастарды тәрбиелеуге және адамдарды біріктіруге септігін тигізеді», — деді қала тұрғыны Гүлнар.

«Барлығы өте әдемі, адамдар күлімдеп жүр, музыка ойнап тұр — жанға жайлы нағыз мереке», — деді мерекеге қызымен келген Гүлжаухар.

Концерттік бағдарлама күні бойы жалғасады. Кешкі уақытта сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #наурыз #іс-шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);