AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы №11 Қалалық емханадағы Ашық есік күні:...

Алматыдағы №11 Қалалық емханадағы Ашық есік күні: балалар денсаулығына үлес және орнықты даму

Медицина 27.01.2026, 17:03 400 Дина
Алматыдағы №11 Қалалық емханадағы Ашық есік күні: балалар денсаулығына үлес және орнықты даму
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматының №11 Қалалық емханасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде, әсіресе тәуекел тобындағы балаларға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы аясында Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында бір мезгілде 45 бала және олардың ата-аналары педиатриялық бейіндегі мамандардан тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Қабылдауды С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері жүргізді.

Ашық есік күні аясында алдын алу, ерте диагностика, диспансерлік бақылау және балалардағы созылмалы ауруларды жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл балалар арасындағы аурушаңдықты төмендетуге және олардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.

Медициналық университет оқытушыларының қатысуы клиникалық тәжірибе мен білім беру әлеуетін ұштастыруға мүмкіндік берді. Ата-аналар үшін балалардың денсаулығын сақтау, профилактикалық тексерулердің маңыздылығы және медициналық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы мен еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны арасындағы тиімді серіктестік өзара іс-қимылдың үлгісі болды. Мұндай ынтымақтастық түрлерін дамыту БМСК деңгейінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, халықтың сенімін нығайтуға және профилактикалық медицинаны дамытуға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуы мүддесінде оларды алдағы уақытта да жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #Балалар денсаулығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика