AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жылу желілерін сынау жұмыстары жалғасуда

Алматыда жылу желілерін сынау жұмыстары жалғасуда

Әлеумет Бүгін 18:12 45 yakiya
Алматыда жылу желілерін сынау жұмыстары жалғасуда

2026 жылы 12-15 мамыр аралығында Алматының төрт ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады.

Магистральдық және тарату құбырларын тексеру барысында күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайдың туындауы мүмкін: судың жер бетіне шығуы немесе жол төсемінің ішінара бұзылуы ықтимал.

Мұндай жағдайда өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан алыстап, төмендегі байланыс нөмірлері арқылы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не хабарласыңыз:

378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (1011 немесе 1014 қосымша нөмірлері), сондай-ақ 109 нөмірі арқылы.

Жылу желілерін сынау кестесі:

12 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Назарбаев – Сәтбаев – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені аумағы.

13 мамыр

Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1,2,3,4 шағынаудандары, «Көкмайса» шағынауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелері аралығы;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек – Масанчи көшелері аралығы.

13–14 мамыр

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов көшелері аралығы.

15 мамыр

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин көшелері аралығы.

Аталған аумақтарда тұратын тұрғындарға ыстық су беру толық көлемде сақталады.

Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің және ондағы жабдықтардың жай-күйін тексеру, сондай-ақ құбырлардың ақаулы учаскелерін анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүзеге асырылуда. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жылу желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04

Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті

Бүгін 18:39

Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12–16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);