Алматыда жыл басынан бері шығарындылары белгіленген нормадан асатын 900-ден астам автокөлік анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 2 қаңтар мен 30 маусым аралығында «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы экологиялық зертханалары Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп 3 427 автокөлікке тексеру жүргізді.
Мониторинг Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын іске асыру аясында өткізілуде.
Тексеру нәтижесінде 913 автокөліктен экологиялық нормативтердің белгіленген деңгейден асқаны анықталды. Оның ішінде 404-і бензинмен, 505-і дизель отынымен, ал 4-і газбен жүретін көліктер.
«Eco Almaty» ЖШС мәліметінше, автокөліктердің зиянды шығарындыларын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.