конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жүрекке жылына 500-ден астам ашық ота жас...

Алматыда жүрекке жылына 500-ден астам ашық ота жасайды

Алматы Бүгін 12:07 47 yakiya
Алматыда жүрекке жылына 500-ден астам ашық ота жасайды
Алматы қалалық Кардиологиялық орталығы

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққан науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін Қазақстандағы жетекші мамандандырылған мекеменің бірі – Алматы қалалық Кардиологиялық орталығына баспасөз турын ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Орталық директоры Ермағамбет Қуатбаев онда журналистерге мекеменің тарихы, қазіргі мүмкіндігі мен даму жоспары туралы баяндап берді.

Орталық басшысының айтуынша, емхананың тарихы 1896 жылдан бастау алады. Сол жылы Верный қаласында 15 төсекке арналған Қызыл Крест ауруханасы ашылған. Кейіннен ол қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасына айналып, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап дербес ұйым – Алматы қалалық Кардиологиялық орталығы болып қайта құрылыпты.

Қазір орталық еліміздегі ең үлкен бейінді медициналық мекеменің бірі саналады. Мұнда жыл сайын 40 мыңнан астам адам амбулаториялық тексеруден өтіп, шамамен 11 мың науқас стационарлық ем алады. 290 орындық орталықта қазір мемлекеттік тапсырыс пен ақылы бөлімдер де бар.

«Біздің орталық жүрек-қан тамыры ауруы бар науқастарға медициналық көмектің толық спектрін көрсетеді. Бізге Алматының тұрғындары ғана емес, Қазақстанның өзге өңірі мен шетелден де науқастар жоспарлы тексеруден өтіп, ем алу үшін келіп тұрады», – дейді Ермағамбет Қуатбаев.

Орталықта жоғары технологиялық медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда мұнда жоғары технологиялық медициналық көмектің 18-ден астам түрі көрсетіледі. Жыл сайын мамандар шамамен 6 700 ангиография, 3 мыңға жуық коронарлық артерияларды стенттеу операциясын, 500-ден астам ашық жүрекке ота мен 1 мыңнан астам интервенциялық аритмологиялық ем-шараны жүзеге асырады.

Былтырдң өзінде клиникада 18-ден астам жаңа медициналық технология енгізілді. Олардың біразы бұрын Алматыда ғана емес, Қазақстанда да болмаған. Мұнда жүрекке трансплантация жасалып, жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялайды, жүрекке гибридті операция жсалып, жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің осы заманағы әдістері де бар.

Мекемеде 600-ден астам қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында медицина ғылымдарының бес докторы, жеті ғылым кандидаты, профессорлар, магистрлер мен мейіргер ісінің жоғары білікті мамандары бар. Орталық басшылығы кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға тұрақты түрде инвестиция салады. Дәрігерлер Италия, Испания, Қытай, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь пен Ресейде білімін жетілдіріп, халықаралық конференциялар мен тағылымдамаларға қатысады. Сонымен қатар өз әріптестерімен де тәжірибе бөлісіп отырады.

2026 жылы орталық үлкен жобаларды іске асырып жатыр. Мұнда Минималды инвазиялық кардиохирургия орталығы мен қолқа ауруын емдеуге арналған мамандандырылған орталық ашылды. Бұл ең күрделі жүрек-қан тамыры патологиясы бар науқасқа тәулік бойы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар биылғы тамыз айында клиника медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін бағалайтын әлемдегі ең беделді стандарттардың бірі саналатын JCI халықаралық аккредитациясынан өтуді жоспарлап отыр.

Биыл Алматы бірнеше ірі кәсіби медициналық іс-шараның алаңына айналады. Тамыз айында мұнда Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандары қатысатын интервенциялық кардиологтардың халықаралық конференциясы өтеді. Қазан айында III Аритмология саммиті ұйымдастырылса, 2027 жылдың көктемінде Алматы қалалық Кардиологиялық орталығының 20 жылдығына орай IV Халықаралық кардиохирургтер конгресі өтпек.

Тарихы бай болғанына қарамастан, мекеме басшылығы инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. 1937 және 1973 жылдары салынған әрі Алматының мәдени мұрасы саналатын орталық ғимараттары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Орталық өз қаражатына бөлімшелерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізіп, пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасала бастады. Сонымен қатар алдағы уақытта осы заманғы магниттік-резонанстық томограф, жаңа ангиографиялық кешен мен диализ жабдықтарын сатып алу жоспарланған.

Баспасөз турының қорытындысында БАҚ өкілдері бейінді бөлімшелердің жұмысымен, замандық медициналық жабдықтармен және жүрек-қан тамыры ауруын емдеуде қолданылатын жаңа технологиялармен танысты. Орталық директорының айтуынша, ұжымның басты мақсаты – жоғары технологиялық кардиологиялық көмекті одан әрі дамыту, әлемдік озық тәжірибелерді енгізу және Алматы мен Қазақстан тұрғындарының шетелге шықпай-ақ ең жоғары деңгейдегі ем алуына мүмкіндік жасау екен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қалалық кардиологиялық орталығының пациенті: «Операциядан кейін қайта өмірге келгендей болдым»

Бүгін 12:20

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі өтеді

Бүгін 12:05

Бағасы 79 миллион теңгеге дейін жететін жүрекке жасалатын операцияны алматылықтар МӘМС аясында тегін жасай алады

Бүгін 11:58

Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады

Бүгін 11:01

Алматыда жылуға қарызы бар 600-ден астам кәсіпорынға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуда

Бүгін 10:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);