Алматыда Қазақстан мен Қытай ғалымдары бірлесіп жұмыс істейтін сейсмологиялық орталық ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мамандар мұнда жер сілкіністерін бақылап, қауіпін алдын ала анықтауға көмектесетін жаңа технологияларды әзірлемек.
Орталықтың жұмысы сейсмикалық белсенділігі жоғары Алматының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.