Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Алматы 03.03.2026, 17:11 191
Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды
Алматы әкімдігі

Алматының Алатау ауданындағы №76 бөбекжай-бақшасы базасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл болашақ» жобасы аясында ағаш көшеттері отырғызылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Іс-шараға балабақша тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары мен педагогтері қатысты.

Балалар қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызып, әр ағашқа жас алматылықтың есімі берілді. Енді бүлдіршіндер ағашының өсуін бақылап, оларды күтіп-баптау арқылы қаланы көгалдандыру ісіне үлес қосады.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – «Жас экологтың ант қабылдау» рәсімі болды. Балалар табиғатты қорғауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға уәде берді. Сонымен қатар балабақша аумағына 2040 жылғы қала тұрғындарына арналған суреттер мен жолдаулар салынған «Уақыт капсуласы» орналастырылды.

Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың әдіскері Ақбота Мұстафаева мұндай бастамалар балалардың бойында ерте жастан экологиялық жауапкершілік қалыптастырып, табиғатқа жанашырлық құндылықтарын нығайтатынын атап өтті.

«Жасыл болашақ» жобасы Алматыда «Таза Қазақстан» бастамасын іс жүзінде жүзеге асырудың жарқын үлгісіне айналды. Алдағы уақытта балабақша ұжымы «жасыл» кеңістіктерді ұлғайтып, балаларды жаңа экологиялық жобаларға тарту арқылы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Бүгін 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Бүгін 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Бүгін 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Бүгін 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика