AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жасөспірімдер арасындағы және отбасылық-т...

Алматыда жасөспірімдер арасындағы және отбасылық-тұрмыстық қылмыс деңгейі төмендеді

Алматы 10.08.2026, 12:25 178
Алматыда жасөспірімдер арасындағы және отбасылық-тұрмыстық қылмыс деңгейі төмендеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биылғы жеті айдың қорытындысына қарағанда, Алматыда жасөспірімдер жасаған қылмыс пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың саны едәуір азайған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қауіпті қылмысты қайтара жасаған адамдардың қылмысы да төмендеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев осылай деді.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс 7 пайызға төмендеген. Кәмелетке толмағандар жәбірленуші болған қылмыс саны да 4 пайызға азайыпты.

Сонымен қатар полиция балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрмеуін бақылауды жалғастырып келеді. Жеті айда түнгі уақытта балалары үйден жырақта, қараусыз жүргені үшін 11 мыңға жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды.

«Кәмелетке толмағандар арасында ауыр қылмыстың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Қылмысты уақытылы ауыздықтау керек», – деді Тимур Ноғайбаев.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыс саны 16 пайызға төмендеген. Жеті айда полиция 4 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. 808 адамға қатысты сот қайталама зорлық-зомбылыққа жол бермеуге бағытталған арнаулы шектеу белгіледі.

Үйдегі зорлыққа тап болған әйелдер мен балалар дағдарыс орталығына орналасып, 37 сотқар еркек психологиялық түзету бағдарламасына жіберілді.

«Біздің міндетіміз жасалған құқық бұзушылыққа ғана ден қою емес. Зардап шеккен әйелдер мен балаларды дағдарыс орталығына жіберіп, құқық бұзушыға қатысты қорғау мен түзету шарасы қолданылады», – деді спикер.

Тағы бір айтарлықтай төмендеген көрсеткіш – қауіпті қайталама қылмыс жасаған адамдардың қылмысы жеті айда 31 пайызға азайған.

Полиция алкогольді заңсыз сататындармен, мас күйде қылмыс жасайтындармен де күрес жүргізіп жатыр. «Алко-стоп» рейдтері барысында 542 құқық бұзушылық анықталды. 491 сауда нүктесі мен басқа да нысанның жұмысы тоқтатылып, 11 тоннадан астам заңсыз алкоголь тәркіленді.

Жалпы, жеті ай ішінде Алматы полициясы 32 профилактикалық іс-шара өткізді. Учаскелік инспекторлар 2,5 мыңнан астам қылмыстың бетін ашып, 83 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Алматының барлық ауданында осындай алдын алу жұмысы жүріп жатыр. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ішімдікті заңсыз сату мен мас күйде жасалатын қылмысты полиция назарда ұстап отырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ПД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);