AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Медицина Бүгін 08:45 15
Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Мамандар онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикасы мен емдеу жолдары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының бірлесуімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырылды. Іс-шара «Қызғылт қазан» халықаралық ақпараттық акциясы аясында өтіп, онда сүт безі обыры мен жатыр мойны обырының алдын алу, ерте диагностикалау және скринингтік тексерулердің маңызы сөз болды.

Брифингте Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының онколог-маммологы, хирургі, операциялық бөлім меңгерушісі Даулет Есхожаұлы Айдаров және онкогинеколог Ақтолқын Серікқызы Мамадиярова онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикасы мен емдеу жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар журналистерге профилактикалық тексерулер ұйымдастырылып, мамандардан кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.

Сүт безі обыры: ерте анықтау – өмірді сақтаудың маңызды жолы

Онколог-маммолог Даулет Айдаровтың айтуынша, «Қызғылт қазан» акциясының басты мақсаты – әйелдердің сүт безі обыры туралы хабардарлығын арттыру, ауруды ерте кезеңде анықтау және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақыру.

Қазіргі таңда Алматы облысында онкологиялық есепте 13 303 пациент тіркелген. Оның ішінде 6 539 адам бес жыл және одан да ұзақ уақыт бойы дәрігерлердің бақылауында. Сүт безі обыры бойынша есепте тұрған пациенттер саны – 2 864.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында өңірде 238 пациентке алғаш рет сүт безі обыры диагнозы қойылған. Оның ішінде 66 жағдай бірінші, 140 жағдай екінші, 21 жағдай үшінші, 11 жағдай төртінші сатыда анықталған.

«Сүт безі обырын ерте кезеңде анықтау емнің тиімділігін арттырып, сауығу мүмкіндігін едәуір жоғарылатады. Сондықтан әйелдер сүт безіндегі кез келген өзгеріске назар аударып, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуі керек. Сүт безінде түйіннің пайда болуы, пішіні мен көлемінің өзгеруі, терінің тартылуы, емізіктен бөліністің шығуы сияқты белгілер байқалса, дәрігерге қаралу қажет», – деп атап өтті Даулет Айдаров.

Маман сондай-ақ өңірде шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейтінін айтты. Кешен компьютерлік томография, цифрлық маммография және жоғары санатты ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жабдықталған.

2026 жылдың басынан бері жылжымалы медициналық кешен арқылы 48 елді мекен қамтылып, 4 774 маммографиялық, 3 881 ультрадыбыстық және 3 007 компьютерлік томографиялық зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде 32 қатерлі ісік және 542 ісікалды жағдай анықталған.

Жатыр мойны обыры: алдын алуға болатын онкологиялық ауру

Онкогинеколог Ақтолқын Мамадиярованың айтуынша, жатыр мойны обыры – алдын алуға және скрининг арқылы ерте кезеңде анықтауға болатын онкологиялық аурулардың бірі. Оның негізгі себептерінің бірі – адам папиллома вирусының (АПВ) жоғары онкогенді түрлерімен ұзақ уақыт инфекциялану.

Маманның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының шамамен 1 900 жаңа жағдайы тіркеледі. Бұл аурудан жыл сайын 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Соңғы жылдары аурудың 25–40 жас аралығындағы әйелдер арасында да кездесуі алаңдаушылық туғызып отыр.

Алматы облысында 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында жатыр мойны обырының 87 жағдайы анықталған. Ал осы кезеңде аталған аурудан 30 әйел қайтыс болған.

«Жатыр мойны обырының ерекшелігі – оның дамуын алдын алуға мүмкіндік бар. Ауру көбіне ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтетін обыралды өзгерістер аясында дамиды. Сондықтан скринингтен уақытылы өту өте маңызды. Жатыр мойнындағы өзгерістерді ерте анықтау арқылы қажетті ем жүргізіп, қатерлі ісіктің дамуына жол бермеуге болады», – деді Ақтолқын Мамадиярова.

Онкогинеколог жатыр мойны обырының алдын алуда адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңызын да атап өтті. Вакцинацияны жыныстық өмір басталғанға дейін жүргізу оның тиімділігін арттырады. Сонымен қатар скринингтік тексерулер обыралды өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда жатыр мойны обырын ерте анықтау мақсатында 30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жастағы әйелдер скринингтен өтеді. Тексеру нәтижесінде күмәнді өзгерістер анықталған жағдайда пациенттер қосымша диагностикалық зерттеулерге, оның ішінде кольпоскопия мен биопсияға жіберіледі.

Мамандардың айтуынша, жатыр мойны обыры кезінде жыныс жолдарынан қан кету, жыныстық қатынастан кейін қан аралас бөліністің болуы, етеккір цикліне қатыссыз қан кету сияқты белгілер байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда гинекологқа уақытылы қаралу қажет.

Брифинг барысында мамандар онкологиялық аурулардың алдын алуда халықтың медициналық сауаттылығын арттыру, скринингтік бағдарламаларға белсенді қатысу және күмәнді белгілерді елемей жүрмеу маңызды екенін атап өтті.

«Қызғылт қазан» акциясы аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты да – осы. Әрбір әйел өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуі қажет. Ерте диагностика – онкологиялық аурулармен күрестегі маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі автожолдарда жүк көлігіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру тәсілі талқылануда

Бүгін 08:00

Павлодар облысында Құрылтай депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесулері өтуде

Кеше 20:24

ҚазҰУ-да медиа және ЖИ бойынша халықаралық мектеп басталды

Кеше 19:54

"Заң мен тәртіп": Алматыда қоғамдағы медиацианың рөлін талқылады

Кеше 19:31

Король II Абдалла Президент Тоқаевты марапаттады

Кеше 19:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);