конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Алматыда жаңа Конституцияның ел мен қала дамуына қ...

Алматыда жаңа Конституцияның ел мен қала дамуына қосар үлесі талқыланды

Жаңа Конституция Бүгін 12:26 50 yakiya
Алматыда жаңа Конституцияның ел мен қала дамуына қосар үлесі талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған «Жаңа Конституция – жаңа серпін» атты дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер ұйымдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Дархан Сатыбалды жаңартылған Ата заңның күшіне енуі Қазақстанның заң үстемдігіне, әділеттілікке, ашық мемлекеттік басқаруға және жоғары азаматтық жауапкершілікке негізделген жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіретінін айтты.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа Конституция құқықтық нормаларды бекітіп қана қоймай, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тиімді мемлекеттік басқару қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті басты құндылық ретінде айқындайтын мемлекеттің жаңа даму тұжырымдамасын қалыптастырады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституция еліміздің ұзақ мерзімді дамуының берік құқықтық негізін қалыптастырып, жаңа қоғамдық келісімнің өзегіне айналады. Сондықтан оның бүгін заңды күшіне енуі – Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолындағы реформалардың жаңа кезеңге өткенінің айқын көрінісі», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкім Қазақстанның ең ірі қаласы, ғылым, білім, инновация, мәдениет және экономика орталығы саналатын Алматыға конституциялық қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыруда ерекше жауапкершілік жүктелетінін жеткізді. Оның айтуынша, Алматыны 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы жаңа Конституцияның негізгі қағидаларымен үндесіп, жайлы, қауіпсіз, экологиялық таза әрі бәсекеге қабілетті мегаполис қалыптастыруға бағытталған.

Дархан Сатыбалды заманауи көлік инфрақұрылымын дамыту, қаланы полицентрлік модель бойынша өркендету, цифрландыру, Almaty AI Park жобасын құру, Smart City технологиясын енгізу, экологиялық жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді дамыту және «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған конституциялық қағидаттардың нақты көрінісі екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаңа Конституция қағидаттарын мемлекеттік басқару жүйесінде тиімді іске асыру, құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ елдің одан әрі дамуына ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың қосар үлесі жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституция Қазақстанның орнықты дамуына, қоғамдық келісім мен заң үстемдігін нығайтуға, сонымен бірге әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет қалыптастыруға берік құқықтық негіз болатынын ерекше атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Respublica партиясы: Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры

Бүгін 12:11

Алматыда Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне орай мемлекеттік әнұран шырқалды

Бүгін 12:05

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Бүгін 12:01

Алматыда жарты жылда еңбек заңнамасы 600 рет бұзылды

Бүгін 11:36

Алматыда 51 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);