AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр

Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр

Әлеумет 25.08.2026, 16:16 338
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
ІІМ Ұлттық ұланы

Жаңа қалашықта Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне арналған әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер салынады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар әскери техникаларға арналған тұрақтар, қоймалар және инженерлік нысандар бой көтереді.

Алматының «Самғау» ықшам ауданында жаңа әскери қалашық салынып жатыр. Нысан шамамен 27 гектар аумақты алып жатыр. Құрылыс барысын Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков тексерді.

Жоба аясында кинологиялық қалашық та қарастырылған. Онда қызметтік иттерді үйретеді және кинологиялық бөлімшелер жұмыс істейді. Қалашыққа қажетті инженерлік желілер мен коммуникациялар да тартылады.

Яғни жаңа нысан әскери бөлім орналасатын аумақ қана емес, әскери қызметшілердің тұруы мен қызмет атқаруына қажетті инфрақұрылымы бар толыққанды әскери қалашық болады.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық ұланның Алматыдағы материалдық-техникалық базасын күшейтуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);