конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арнал...

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Алматы 25.06.2026, 18:12 220 yakiya
Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды
Алматы әкімдігі

Алматыда тұрғындарға заңсыз қоқыс үйінділері туралы хабарлап, олардың жойылу барысын бақылауға мүмкіндік беретін TazaQala цифрлық платформасы таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде жобаның тұсауы кесілді.

Платформа Алматының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Eco Almaty» ЖШС-нің қолдауымен әзірленген. Жоба республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылған.

Жасанды интеллект элементтерін пайдаланатын TazaQala қала тұрғындарына экологиялық мәселелерді шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Платформа арқылы тұрғындар заңсыз қоқыс төгілген орындар туралы хабарлап, өтініштерінің мәртебесі мен аумақтарды тазарту жұмыстарының барысын қадағалай алады.

Алматының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Арман Нүгірбековтің айтуынша, жаңа жүйе тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

«Платформа алматылықтармен үнемі байланыста болып, күрделі аумақтар туралы жедел ақпарат алуға және қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындар атқарылған жұмыстың нәтижесін көріп, экологиялық мәселелердің қалай шешіліп жатқанын бақылай алады», – деді ол.

Прокуратураның мәліметінше, платформа іске қосылғалы бері 871 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 507-сі толықтай жойылып, аумақтардан 500 тоннадан астам қалдық шығарылған.

Бұған қоса қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың бірқатар басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне платформаның жұмыс істеу тәртібі жан-жақты таныстырылды. Тұсаукесерден кейін қаланың түрлі ауданында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейдтерге прокуратура мен полиция қызметкерлері, Экология департаментінің, Экология және қоршаған орта басқармасының, «Eco Almaty» ЖШС мамандары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті мен заң факультетінің студенттері, сондай-ақ экобелсенділер қатысты.

Ең белсенді қатысушылар үшін ұйымдастырушылар Алматы хайуанаттар бағына, Бас ботаникалық баққа, «Шымбұлақ» аспалы жолына және ұлттық парктерге жолдамалар түріндегі ынталандыру сыйлықтарын әзірледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, TazaQala платформасын енгізу заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстарын жедел әрі ашық жүргізуге, сондай-ақ қала тұрғындарының тазалық пен экологиялық қауіпсіздікті сақтауға белсенді қатысуын арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Бүгін 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Бүгін 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Бүгін 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Бүгін 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Бүгін 17:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);