ffin.kz

Алматыда волонтерлер слеті өтті

Алматыда волонтерлер слеті өтті Суреттепді түсірген - Самат Құсайынов

«Сарыарқа» саябағында өткен іс-шараға волонтерлер, волонтерлік ұйым өкілдері, қала жастары, ҮЕҰ өкілдері, танымал тұлғалар мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Басқосу барысында осы саладағы танымал сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас волонтерлермен пікір алмасты. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Мұқтаж жандарға риясыз көмек көрсететін еріктілер – адамзат элитасы». Міне, осындай мәнді мақсатты алға қойған слеттің көздегені де волонтерлердің бір-бірімен емін-еркін пікір алмасып, ел-жұрттың еріктілерге деген ерекше ынта-ықыласын ояту, қызығушылығын арттыру. Қаламызда күн сайын болатын азаматтық мол мейірімнен туындайтын қайырымдылық шараларына еріктілердің қатысуын дәстүрге айналдыру – уақыт талабы.  



Слет алға қойған басты мақсат – волонтерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, халықтың волонтерлікке деген қызығушылығын арттыру, олардың күнделікті қайырымды істерге, игі шараларға қатысуын жүйелі түрде жүзеге асыру. Сол мәнді мақсаттың бірі орындалғандай. Тек, адамзатқа ортақ осындай ізгілікті істер толастамасын деп тілейміз.


Сондай сарапшылар қатарында Перизат Қайратқызы («BIZ BIRGEMIZ QAZAQSTAN» жалпыұлттық еріктілер қозғалысы мен қоғамдық қорының басшысы), Әлібек Қайратұлы («DAULETTEN» қайырымдылық қорының атқарушы директоры), Дильмира Блац («LIDER.KZ» із-түзсіз жоғалған жандарға, олардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету жөніндегі волонтерлар қозғалысының басшысы) пен Әли Жылқыбай («KOBELEK BALALAR» қайырымдылық қорының директоры) болып, өз көрген-білген, түйгенін ортаға салып жатты. Әлбетте, тәжірибе алмасу деген осы.



«Қамқор» еріктілер ұйымының мүшесі Әсем Ғазиз біздің басты қағидамыз: «Өз Отаныңа қамқор бол! дейді. «Мақсатымыз – мейірімді істермен айналысу. Біз мейірімді істер марафонына қатысамыз. Ұзақ қашықтыққа жүгірушілерге де жәрдеміміз тиді. Ел-жұртты жақсы істерді насихаттауға шақырамыз. Мамандығыма сай, бірталай қайырымдылық шарасында бастапқы медициналық жәрдем көрсеттім. Мамандығыммен мақтанар тұсым осы», -- дейді ерікті, С.Асфендияров атындағы медициналық университеттің студенті Ә. Ғазез.  


«Волонтер болғаныма жыл жарым уақыт болды. Осы уақыт ішінде көптеген жобаларға қатыстым. Бұл шара шаһарымыздың ерікті жастарын қолдау мақсатында ұйымдастыруға арналды. Бүгін танымал еріктілер шеберлік сабақтарын өткізді. Разы болдық, -- дейді «Қамқор» қайырымдылық қорының белсенді волонтері Зере Мақсұтхан 



Айта кетерлігі, биыл шаһарымыздың еріктілері елмен бірге бар қиыншылықты еңсере келе, Түркияның зардап шеккен тұрғындарына – 50 тонна, сондай-ақ Абай облысының тұрғындарына 5 тонна гуманитарлық көмек жинаған. Қосымша демеушілер тартылып, жағдайы төмен 10 мың отбасыға, 350 жетім балаға, 800-ден астам қарт кісіге көмек көрсетті. 


Сондай-ақ, шара аясында эстрада жұлдыздары, шаһар әншілері әннен шашу шашып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32