Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда веложолақтардың ұзындығы 2,5 есеге артады...

Алматыда веложолақтардың ұзындығы 2,5 есеге артады 

Әлеумет 28.07.2021, 18:37 1,582
Алматыда веложолақтардың ұзындығы 2,5 есеге артады 
almaty-akshamy.kz

 
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасы барысында қалалықтардың сұрақтарына жауап беріп, велосипед инфрақұрылымын дамыту жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 


Қалада 77,2 шақырым велоинфрақұрылымы абаттандырылды, оның 21,5 шақырымы - веложолақтар, 55,6 шақырымы - веложолдар. «Орбита» шағынауданынан Көк базарға дейін айналмалы үзіліссіз велобағыт жасалды. 
 
Жол қозғалысына қатысушыларды қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында веложолдарын жүріс бөлігінен ажырататын 2 мыңнан астам жол блокаторлары орнатылды. 
 
Қазіргі кезде Алматы қалалық мобилділік басқармасы «Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС-мен бірлесіп, қаланың Вело және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту стратегиясын әзірлеуде. 
 




Стратегияның басты мақсаты – халықтың микромобилділігі мен салауатты өмір салтын насихаттау; баламалы көлік түрлеріне қолайлы жағдайлар жасау; экологиялық таза көлік түрлеріне көшу; тыныш және қосымша аймақтарды қамтитын вело желілерін қосу. 
 



Қала тұрғындарының өтініштері бойынша Стратегияға балалар мен жасөспірімдерге велосипедпен көше бойымен қауіпсіз қозғалуды үйрету енгізілді. 



 
Стратегияны іске асыру аясында 2030 жылға дейін 185 шақырымнан астам вело инфрақұрылымын абаттандыру және оның ұзындығын 2,5 есеге, яғни 262,8 шақырымға дейін арттыру жоспарланған. 2024 жылы - 190,9 шақырым, 2026 жылы - 223,6 шақырым, 2030 жылы - 262,8 шақырымға  дейін. 




Айта кетерлігі, AlmatyBike велотізбегі модернизациядан өтіп жатыр. Велопарк 1760 велосипедтен және 187 бекеттен тұрады. 480 велосипедке күрделі жөндеу жүргізілді, олар желіге шығарылды. 7 тамызға дейін қосымша 250 велосипедті жөндеу жоспарланған.  
 
Осы жылы жүйеде қолданушыларға қызмет көрсету үшін жаңа AlmatyBike мобильді қосымшасы мен CRM жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл қолданушыларға онлайн режимінде AlmatyBike-те тіркелуге және сату бөлімдеріне бару қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді. 
 




Жүйеге 50 мыңнан астам қолданушы тіркелген. AlmatyBike қызметін шамамен 2,9 миллион рет қолданып, 6 миллион шақырымнан астам жол жүрілген. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында AlmatyBike қызметін 342 мың рет қолданып, 685 мың шақырым жүріп өтілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#AKIMAT LIVE #Сағынтаев #Веложолдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика