конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда V Жастар театр форумы өтіп жатыр

Алматыда V Жастар театр форумы өтіп жатыр

Әлеумет 04.06.2024, 14:21 756 dulatbekova
Алматыда V Жастар театр форумы өтіп жатыр
Сурет: Gov.kz

Алматыда ТМД, Балтық және Грузия елдерінің V Жастар театр форумы басталды.

Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген екі жүзден астам режиссер, драматург, актер, сценограф пен театр сыншылары қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш жоба – жас театр қатысушыларының ауқымы мен бірлестігі жағынан Достас елдердің мәдениет саласындағы бірегей форумы. ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды сақтауға және дамытуға ықпал етеді.

Форум триеннале форматында – үш жылда бір рет өтеді. 2012 жылы ол Кишиневте (Молдова), 2015 жылы Минскіде (Беларусь), 2018 жылы Ереванда (Армения), 2021 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Әр форумға ТМД, Балтық және Грузия елдерінен қатысушылар келеді. 12 жыл ішінде оған мыңнан астам адам қатысып, 20000-нан аса көрермен тамашалады.

Алматыда өтіп жатқан іс-шара ұзақ шығармашылық процесстің шарықтау шегі десек те болады. Халықаралық сарапшылар кезең-кезеңімен үздік спектакльдерді таңдап, форумға қатысу үшін суретшілер мен драматургтерді конкурстық іріктеуден өткізді.

Оның басты мақсаты – ТМД елдерінің шығармашыл жастардың ынтымақтастығына ықпал ете отырып, жас театр көшбасшыларын анықтап, оларды біріктіруге арналған.

Форум аясында іріктеуден өткен спектакльдер көрсетіледі, суретшілер каталогтары мен жас драматургтердің пьесалар жинағы ұсынылып, дәрістер, семинарлар ұйымдастырылады.

Форумдағы үздік спектакль 2025 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Мәскеуде өтетін А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінің қатысушысы атанады.

Білім беру бағдарламасы аясында шетелдік режиссерлер мен драматургтердің, кәсіби театр мамандарының шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #театр форумы #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);