AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2...

Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр

Әлем Бүгін 11:56 61
Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр

Алматының Туризм басқармасы 21-23 қазан аралығында Сингапурде өтіп жатқан ITB Asia 2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көрмеде 1 000-нан астам компания мен 1 500-ден астам кәсіби байер бас қосты.

Visit Almaty стендінде қаланың туристік мүмкіндіктері таныстырылған. Олардың қатарында тау бағыттары, табиғи көрікті жерлер, мәдени мұра, гастрономия және жыл бойы демалуға арналған мүмкіндіктер бар. Көрмеге қатысудағы мақсат – Алматыны Азия нарығында ілгерілету, іскерлік байланыс орнату және халықаралық туроператорлармен ынтымақтастықты дамыту.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Алматыға деген қызығушылық артып келеді. 2025 жылы қалаға Малайзиядан 9 416 турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға көп. Ал Сингапурдан келген туристер саны 2,3 есеге өсіп, 3 953 адамға жетті.

Өңірдің көлік қолжетімділігін Алматы – Куала-Лумпур бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы қамтамасыз етеді. AirAsia әуе компаниясы бұл бағытта айына 22 рейс орындайды. Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясы 2026 жылы 25 желтоқсаннан бастап Алматы – Лангкави бағыты бойынша маусымдық тікелей рейсті іске қосуды жоспарлап отыр.

ITB Asia 2026 көрмесіне қатысу Алматының туристік өнімдерін халықаралық нарықта таныстыруға, шетелдік серіктестермен іскерлік байланысты кеңейтуге және Азия елдерінен келетін туристер санын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан-Сингапур
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 12:56

Алматы тұрғындары Republic Day акциясы аясында мерекелік жеңілдіктерді пайдалануда

Бүгін 12:53

Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті

Бүгін 12:07

Қазақстан мен Германия өнеркәсіптік кооперацияны және көлік дәліздерін дамытуды талқылады

Бүгін 11:00

Тілге құрмет – Тәуелсіздікке құрмет: Алматы қаласының мұғалімі республикалық байқауда II орын иеленді

Бүгін 10:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);