ffin.kz

Алматыда үш көлік жолайрығының құрылысы жалғасуда

Алматыда үш көлік жолайрығының құрылысы жалғасуда Cурет: Ашық дереккөз

Саин көшесі – Мөңке би көшесі айырығы бойынша жобаға түзету жүргізілуде


Сонымен қатар, Абай, Саин және Әуезов көшелерін ұзарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғ.Мырзахановтың айтуынша, Алматыда Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі және Саин көшесі – Мөңке би көшесі үш жолайырықтың құрылысы жалғасуда.


Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі  жолайырығында жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала мен облыс аумағы бойынша сатып алу толығымен аяқталды. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін эстакада мен съездер салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау, сол арқылы көліктің барлық бағыттарда жүруін қамтамасыз ету жоспарлануда. Абаттандырумен қоса толық аяқтау 2022 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.



«Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына келетін болсақ, онда да сатып алынған жол телімдерінде жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, жеті учаске сатып алынған жоқ. Аталған учаскелер бойынша сот рәсімдері жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы учаскелерді сатып алу шамасына қарай орындалатын болады. Жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған», - деп атап өтті Алматы қаласы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы



Саин көшесі – Мөңке би көшесі айырығы бойынша жобаға түзету жүргізілуде. Биылғы жылы осы жол айрығы бойынша қозғалыс ашу жоспарлануда, ал жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.


Спикерлер ұзындығы 6,4 км Абай даңғылы, Саин көшесі және Әуезов көшесі деп аталатын үш көшені тесу және ұзындығы 4,5 км (1 учаске – 2,2 км, 2 учаске – 2,3 км) Төле би көшесі бойынша екі учаскені тесу туралы айтты.


Абай даңғылын тесу бойынша бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату мен абаттандыруды аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жұмыстары басталады.


Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі аралығы 3,2 км құрайды, ұзындығы 1,6 км учаскенің дайындығы 70% құрайды. Басқа учаскеде 67 жер учаскесі сатып алуға түседі, оның 54-і сатып алынды, қалған 13 учаске бойынша жұмыс іселуде. Қазіргі уақытта сатып алынған учаскелерді бұзу және материалдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.


Әуезов көшесін Гоголь көшесінен бастап солтүстік бағытта Гоголь көшесінің қиылысында жол төсемін және жабынның төменгі қабатын орнату, инженерлік желілерді қайта орнату және бағдаршам объектісін салу жұмыстары орындалды. Жалпы ұзындығы 0,8 км. Жұмыстың толық аяқталуы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына жоспарланған.


Ғ.Мырзаханов Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін батыс бағытта ұзындығы 4,5 км болатын Төле би көшесінің құрылысы басталғанын хабарлады. Объектінің құрылысына бөлінген шекараға 270 меншік иесінің жылжымайтын мүлкі түседі, оның ішінде 29 объекті сатып алынды, қалған 241 учаске  бойынша жұмыс жүргізілуде. Дайындық және жұмылдыру жұмыстары мен материалдарды дайындау жүргізілуде. Ағымдағы жылы Алатау даңғылынан «Алма Сити» ТҮК-ге дейін жол жұмыстарын орындау және инженерлік желілерді қайта орнату жоспарлануда. Толық аяқтау жер учаскелерін сатып алу (алып қою) бойынша 2023-2024 жылдарға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43