AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер...

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер аллеясы ашылды

Әлеумет 08.05.2025, 15:31 873 Bakyt
Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер аллеясы ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған маңызды шара өтті. Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Аллеяны ашу рәсімі Алматының тарихи орталығы саналатын 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ерболат Досаев, ардагерлер, олардың отбасылары, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен қоғам белсенділері қатысты.

Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция аясында ұйымдастырылды. Акция «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпы қалалық науқанының бір бөлігі болып табылады.

Аллеяға жасыл ескерткіш ретінде 6 метрлік ірі жөке (липа) ағаштары отырғызылды. Әрбір ағаштың түбіне ардагердің есімі жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Ағаштарды отырғызу кезінде заманауи агротехникалық әдістер қолданылып, қайың тіректері мен тамырды суару жүйелері орнатылды.

Әкім Ерболат Досаев өз сөзінде:

«Ұлы Жеңіс – еліміздің тарихындағы маңызды кезең. Біз биылғы мерейтойлық жылы Алматының барлық ауданында бір уақытта ардагерлер аллеясын ашуды жөн көрдік. Бұл орындарда әрбір тұрғын батырларды еске алып, рухына тағзым ете алады», – деді.

Жиын барысында ардагерлердің ұрпақтары аллеяның ашылуына ризашылықтарын білдірді.

Юлия Завадская, ардагер Ольга Савенконың немересі:

«Липа – рух күші, төзімділік пен адалдықтың символы. Бұл ағаштар ата-бабамыздың жанқиярлық ерлігін еске салады», – деді.

Людмила Зинченко, ардагер Василий Зинченконың қызы:

«Бұл тамаша шара бізге ардагерлерді еске алуға мүмкіндік берді. Балаларымызға батыр аталарының ерлігін айтып беретін боламыз», – деді.

Сауле Колумбаева, ардагер Дарбала Жабатаеваның қызы:

«Бұл күн – барлық ардагер отбасылары үшін маңызды. Отырғызылған ағаштар – бейбіт аспан сыйлаған батырларға арналған тірі ескерткіш», – деп алғысын жеткізді.

Мерекелік шараға 100 жастағы соғыс ардагері Камбар Сәрсенов те қатысты.

«Ардагерлердің есімін мәңгі есте қалдыру үшін жасалған бұл бастаманы құптаймыз. Болашақ ұрпақ осы ағаштардың жанында тұрып, аталарының ерлігін еске алады», – деді қарт жауынгер.

Алматының сегіз ауданында да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеялары ашылды. Барлығы 200 жөке ағашы отырғызылды. Бұл бастама Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің бірегей үлгісі болып, ардагерлер рухына тағзым етудің маңызды белгісіне айналды.

 

Алматыда ашылған ардагерлер аллеясы – батырларды мәңгі есте қалдырудың көрнекі үлгісі. Жөке ағаштары Ұлы Отан соғысының қаһармандарын еске салып, болашақ ұрпаққа рухани мұра ретінде сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ардагер #аллея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);