AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Алматыда «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық фестив...

Алматыда «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық фестивалі өтті

Балалар жылы 07.12.2022, 13:36 3,486
Алматыда «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық фестивалі өтті
Сурет: Ашық дереккөзі

Балалар жылын қорытындылау


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Балалар жылының аяқталуына арналған «Ұлы дала ұрпақтары» атты республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Фестивальдің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы өз жылы лебізін білдіріп қатысушы ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Бейнелеу өнері бойынша ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңрген қайраткері, суретші Ақанаев Бейсебек Атабекұлы, Сәндік-қолданбалы өнер бойынша ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рыскелді Мұсаев балаларды Гран-при жүлдегерлерімен марапаттады.



«Балалар жылының» жабылуына арналған фестиваль аясында Балалар музыкалық ұжымдарының «Фиеста» шоу-балеті, №5 оқушылар үйі, Алматы қаласы Оқушылар сарайы, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының қатысуымен балаларға арналған концерт ұйымдастырылды.


«Ұлы дала ұрпақтары» балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары 16 оқушы әр түрлі жанрдан Бейнелеу өнері бойынша Солтан Айнара, Солтан Санжар Алматы қаласы «Зердеш» зияткерлік мектебі, Ғалымжанқызы Ләйлім Алматы облысы, Балқаш ауданы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп, Арыстанбек Асқар Жамбыл облысы, Шу қаласы, А.С. Макаренко орта мектебі, Сәлім Алсу «Зердеш» зияткерлік мектебі, Андреева Екатерина №199 мектеп, Михалевская Снежана Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Шығанақ орта мектебі, Ерлер Алмас Шымкент қаласы, Ә.Қастеев атындағы дизайн және өнер колледжі сондай-ақ Сәндік-қолданбалы өнер бойынша Ғаниқызы Аякөз Алматы облысы, Балқаш ауданы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп, Медетбек Рамазан Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №173 мектеп-лицейі, Муратбек Нурбах №199 мектеп, Афанасьев Тимур Алматы облысы, Талғар ауданы, №36 Алақай өнер мектебі, Елеуова Илана Алматы қаласы, №111 гимназия, Нұрахмет Амина Алматы қаласы №176 мектеп-гимназия оқушылары Гран при жүлдегерлерімен марапатталды.


Бұл күні балалар Н.Сац атындағы орыс Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «SATS ComUnity» балалар театралдық студиясының қойылымдарын («Алдар көсе» қойылымын) және Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-цирк колледжінің студенттерінен қуыршақ театрын тамашалады.


Сонымен қатар, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінен және Алматы қаласының көркемсурет студияларынан, өнердің әртүрлі бағыттары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлы дала ұрпақтары #балалар жылы #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика