Автокөлікті жару трюктары, қуғыншылық, казиноға шабуыл және махаббат хикаясы: ҚР Ұлттық Ұлан жауынгерлері туралы фильмнің түсірілімі қалай өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы жасақтары туралы «Бүркіт» атты кезекті толықметражды көркем фильмнің кезекті экшнға толы түнгі түсірілім сағат 7.30-да аяқталғаны сол, соған қарамай түске қарай түсірілімге қатысып жатқан топтың бір бөлігі Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңына келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Баспасөз конференциясына фильмнің түсірілуіне себепкер болған Ұлттық ұлан полковниктері де, екі айдан бері арнайы жасақ сарбаздарының өмірін өз бастарынан өткізіп жүрген танымал актерлер де қатысты.
Запастағы полковник, әскери кеңесші, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілі Қуаныш Қожахметов әскери бөлім туралы қысқаша айтып өтті. Бұл әскерилер туралы алғашқы фильм емес, сонау 2019 жылы «Қазбат» фильмі түсірілген болатын, оның түсіріліміне қатардағы жауынгерден бастап жоғары шенді офицерлерге дейін белсенді әскери қызметшілер қатысқан.
«Арнайы жасақ туралы, оның жауынгерлерінің ерлігі мен жанқиярлық ерліктері туралы фильм түсіру идеясы туындады. Бұл идеяны генерал-полковник, Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов ұсынды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылды. Біз нақты операциялардың мысалдарына сүйендік. Фильмде үш батырдың бастан кешкен оқиғалары көрсетіледі», - деді Қ.Қожахметов.
Фильмнің продюсері және әскери сахналарды қоюшысы – отставкадағы полковник, 25 жыл еңбек өтілі бар арнайы жасақ ардагері, қызыл күрең бөрік иегері, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Камал Жақсылықов. Ол фильмнің түсірілімін арнайы күштік құрылымдар ведомствосы қолдағанын, фильмді түсіруге арнайы жасақтың жетістіктері мен олардың нышаны болған қызыл күрең берет негізге алынғанын атап өтті.
«Бүркіт» бөлімшесінің символ - қызыл күрең берет. Біз оған қалай қол жететінін айтқымыз келді. Фильмде арнайы жасақта қызмет ететін Қазақстандағы қарапайым азаматтардың өмірі көрсетіледі. Сонымен қатар, патриоттық бағыттағы фильм жастарға үлгі болмақ. Фильм 2023 жылдың көктемінде прокатқа шығады деп күтілуде, нақты күні әлі белгісіз, өйткені пост-продакшн жақын арада басталады, бұл дегеніміз - дыбыстау, монтаждау, көп еңбекті талап ететін жұмыс болып отыр. Қазақстанда прокатқа шыққаннан кейін фильм ТМД елдері мен шетелдерде көрсетіледі», - деді Қ.Жақсылықов.
Айтпақшы, фильмнің продюсері бұған дейін Алматыдағы «Бүркіт» бөлімшесін басқарған. Бүркіттіктердің әскери күнделікті өмірі үшін олар бұрыннан таныс болса, актерлер үшін кинодағы жаңа мамандық оларға таныс емес болып шықты.
Театр және кино актері Санжар Мәди фильмде басты рөлдердің бірінде, ол түсірілімге барынша жан-жақты дайындалғанын айтты.
«Біз әскери базаға барып, сонда жаттықтық, содан кейін менің өз-өзіме келуіме шамамен бір аптаға кетті. Салмағы шамамен 40-50 келі болатын сынбайтын костюм, оған қоса мен бұрын киіп көрмеген 15 келі дулыға кию мен үшін күтпеген жағдай болды. Оның үстіне Дәуреннің үстінде салмағы 30 келі болатын қалқаны бар. Пулеметтерді бір қолмен ұстап, бәрібір бір-бірімізге ілесіп жүруіміз керек. Біз үшін әскери өмірде бәрі де таныс емес болды, содан кейінбіртіндеп араласып, қоян-қолтық ұрыс жаттығуларына кірістік, әскерилер түсірілім алаңында кез келген нюанстар бойынша кеңес берді», - деді С.Мәди.
Мысалы, нағыз арнайы жасақшылар қаруды қалай ұстау керектігіне назар аударған, бұл өте маңызды, өйткені атыс шабуылы кезінде шынтақты жинау керек. Түсірілім алаңында әртістер қызыл күрең беретке лайықты болу үшін сынақтан өтудің барлық кезеңдерін бастан өткерді.
ӨКҚ алаңына шақырылған театр және кино актері, фильмнің басты кейіпкері Дәурен Серғазин түсірілімге тек физикалық тұрғыда дайындалып қаңа қоймағанын, арнайы жасақ сарбаздарының психологиясын зерттегенін, қаһарман бейнесіне қалай енгегін айтты.
«Бір айдың ішінде 10 жылдық тәжірибесі бар арнайы жасақшының рөліне ену оңай болған жоқ, киноның кереметі де осында, кинода басқа адамның өмірін сүре аласың», - деді актер.
Дәурен Серғазин фильм әскерге деген қызығушылықты оятады, жастар әскерде борышын өтеуге ұмтылады. Ал енді бір бөлігінің әскери адам болуына түрткі болады деген сенімде.
«Фильмде тек әскери өмір ғана емес, сонымен бірге, достық, адамгершілік, күш жәгері және отансүйгіштікке қатысты өмірлік маңызды жайттар көрсетіледі», - деп толықтырды Д.Серғазин.
Фильмді түсірушілердің айтуынша, көрермендерді көптеген экшн-сценалар өзіне тарта түспек, фильмдегі ондай көріністер бойынша қоюшы-режиссер Данияр Ибрагимов еңбектенген.
«Сағат 7:30-да біз тағы бір көлікпен түсірілімді аяқтадық. Бұған дейін Алматының орталығында көлікті аударып жіберетін трюк жасалса, бүгін фильмде көліктің жарылған сәтін түсірдік. Сондай-ақ 4,5 мың метр биіктіктен парашютпен секіру, екі оператордың қатысуымен ауада өте күрделі сахналанған көріністер, ойынханаға шабуыл, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау және ату, екі көлікті қуу, атыс болды. Әрине, бізде де махаббат тақырыбы да бар», - деп толықтырды продюсер Қ.Жақсылықов.
Полковник Жақсылықов актерлік құрамға келгенде жолымыз болды деп есептейді, себебі олардың барлығының физикалық тұрғыда дайындықтар бар. Дәурен Серғазин көрерменге «Қазбат» фильмінен таныс болса, фильмнің тағы бір актері Асылхан Төлепов ММА күресімен айналысса, Санжар Мәди де спорттық формада. Әскерилер оларды тек тактикалық және арнайы дайындықтан өткізді. Бүгін фильмнің түсірілімі аяқталды.
Қорытындылай келе, тағы бір киноконсультант, майор Ринад Сағидолдинов олардың басты мақсаты – Ұлттық ұланның арнайы жасақ қызметінің призмасы арқылы Қазақстанның осындай барлық бөлімшелері туралы айту екенін атап өтті. Көрермендер кинотеатрдың арқасында арнайы жасақшылардың қайталанбас аурасын сезіне алады.