AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда ұлттық эпос әлемінен сыр шертетін көрме а...

Алматыда ұлттық эпос әлемінен сыр шертетін көрме ашылды

Мәдени Алматы 25.02.2025, 14:03 914
Алматыда ұлттық эпос әлемінен сыр шертетін көрме ашылды
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қордан алынған жәдігерлерден тұратын «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесі ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрмеде 90-ға жуық графикалық жұмыс, сонымен қатар, ұлттық эпостың қазыналарын сақтайтын сирек басылымдар ұсынылған. Келушілер классикалық офорттан бастап, түпнұсқа графикаға дейінгі түрлі көркемдік техникада орындалған аңызға айналған батырлардың, арулар мен даналардың және мифологиялық кейіпкерлердің жарқын бейнелерін тамашалай алады. Әр туынды суретшілерді әдеби материалды терең түсінуге шабыттандырған ұлттық эпостық жырлардың сюжеттері мен бейнелерінің байлығын көрсетеді.

Көрмеде ерекше орын алған жұмыстардың қатарында Әбілхан Қастеевтің «Қобыланды батыр» (1932), Әубәкір Ысмайыловтың «Қазақ халқының эпостық жырларына иллюстрациялар» (1928), «Қобыланды батыр» (1941) және «Алпамыс батыр» (1943), Константин Барановтың «Бозжігіт» пен «Айман-Шолпан» (1941), Евгений Сидоркиннің «Алпамыс батыр» (1976-1977) және «Қыз Жібек» (1973) жырларына арналған графикалық парақтары мен иллюстрациялары бар. Олардың жұмыстары кейіпкерлердің эмоционалдық әсерлілігімен, жарқын мерекелік атмосферасымен және ұстамды монументалдылығымен ерекшеленеді. 

– Арсен Бейсембиновтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосына жасаған графикасы терең көркемдік ойға толы. Ағымсалы Дүзелхановтың «Айман-Шолпан» шығармасына арналған иллюстрациялары лиризм мен пішіндердің жұмсақ пластикасымен ерекшеленеді. Хасен Абаевтың «Қамбар батыр» эпосына арналған еңбектері көрерменді ежелгі батырлық ерліктер әлеміне жетелейді. Мұрын жырау бейнесінен шабыт алған Темірхан Ордабековтың туындылары қазақ мәдениетінде эпикалық жыршылардың маңыздылығын айшықтайды. Жоғарыда аталған және өзге де көптеген графикалық туындылар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқының мәдени коды мен рухани құндылықтарын сақтаған эпостарға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, – дейді көрме жетекшісі Самал Мамытова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қозы Көрпеш – Баян Сұлу #Айман-Шолпан #Әбілхан Қастеев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика