AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда төменгі табыс табатын отбасыларға ипотека...

Алматыда төменгі табыс табатын отбасыларға ипотеканы қалай рәсімдеуге болатыны айтылды

Әлеумет 27.03.2023, 12:24 1,433
Алматыда төменгі табыс табатын отбасыларға ипотеканы қалай рәсімдеуге болатыны айтылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы «Отбасы банк» АҚ директоры Данагүл Түсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты. Журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ол табысы төмен отбасылар қандай ипотеканы ала алатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 



«Егер олар жергілікті атқарушы органдар тарапынан баспана кезегінде тұрса, «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына қатыса алады. Бұл бағдарламалар үшін төлем қабілеттілігінен өтудің жеке шарттары бар, мұнда әрбір отбасы мүшесінің шығындары азырақ сомада есептеледі, сондай-ақ бұл бағдарламалар бойынша бастапқы жарна жеңілдетілген және айтарлықтай төмендетілген», - деді Данагүл Түсіпова.



Сонымен бірге, спикер «Отбасы банк» арқылы жастар үшін қандай тиімді мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді екенін айтты. 



«2017 жылдан бастап қаламызда «Алматы жастары» жеңілдетілген бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол барлық өңірлерде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. «Елорда жастары», «Алатау жастары» бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әртүрлі. Мәселен, «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі. Биылғы жылға өзгерістер жоспарланып отыр, енді әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін  хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна - 10%, пайыздық мөлшерлемесі - 5», - деп жалғастырды ӨКҚ спикері.



Сондай-ақ Данагүл Түсіпова «Отбасы Банк» банкінде депозит ашқанда қызметкерлер келісімшарт сомасын, яғни клиенттің болашақта тұрмыс жағдайын жақсарту үшін пайдаланғысы келетін соманы анықтайтынын айтты. Оның ең төменгі құны 500 АЕК, қазіргі уақытта 1 750 000 теңге, ал ең жоғарысы 200 миллион теңгеге дейін. Клиент келісімшарт сомасының 50% жинауы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ипотека #табыстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);