AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді

Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді

Қала тынысы Бүгін 13:39 25
Алматыда тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейіп келеді
Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінен

Алматыда ұлттық зияткерлік спорт түрлерінің бірі — Тоғызқұмалаққа қызығушылық артып келеді. Жүрісті алдын ала болжай білуді талап ететін бұл стратегиялық ойын адамнан ойы ұшқыр болуын талап етеді. Жастар да осы ойынға соған бола құмартқан, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Жарысқа қатысып қайтқан Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандарына сөз берелік.

Жарыс барысында қатысушылар ережені білумен шектелмей, өздерін салмақты ұстап, ойы де жүйрік екенін көрсетеді. Әр жүріс — мұқият ойластырылған қадам. Мұнда шабуыл жасап қана қоймай, дер кезінде қорғана біліп, қарсыластың қадамын есептеп, айласынан асыру білуі керек.

Алматы қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Руслан Қаллиолаевтың айтуынша, бұл ойынды дамыту басым бағыттың бірі екен:

«Жастар арасындағы қызығушылық жыл сайын артып келеді. Біздің мақсатымыз — тоғызқұмалақты Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстанда мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналдыру. Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін, күйзеліске төзімділігін артырып, зейінін дамытады», — деді.

Мамандардың айтуынша, тоғызқұмалақ балалардың когнитивтік дағдысын дамытуға зор ықпал етеді: есте сақтау қабілетін жақсартады, стратегиялық ойлауды қалыптастырып, қиын жағдайда да шешім қабылдауға үйретеді.

Биыл халықаралық жарыстарға дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жүріп жатыр. Қазақстандық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық мұраны әлемдік деңгейде таныту үшін жан-жақты жаттығып жатыр.

Қазір тоғызқұмалақ жай ғана ойын емес, ол халықтың мәдени коды мен мұрасының маңызды бөлігі. Бұл зияткерлік спорт түрі қазіргі өмірге сенімді түрде еніп, ұрпақтарды біріктіріп, жаңа мүмкіндікке жол ашып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Иранда жаппай наразылықтардан кейін үш адамды өлім жазасына кесті

Бүгін 15:26

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07

Бибигүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика