AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Тереңқұрды» модернизациялау осы жылдың с...

Алматыда «Тереңқұрды» модернизациялау осы жылдың сәуір айында аяқталады

Әлеумет 27.02.2025, 10:28 614 Nursok82
Алматыда «Тереңқұрды» модернизациялау осы жылдың сәуір айында аяқталады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы әкімінің айтуынша, аудан тұрғындарының демалысы мен тынығуына қолайлы жағдай жасау үшін 2025 жылдың сәуір айында "Тереңқұр» аумағының 3,4 гектарын жаңғырту жобасы аяқталады. Жоба тоғанды абаттандыруды, рекреациялық аймақтарды, балалар мен спорт алаңдарын құруды қамтиды. 

«2025 жылдың мамыр айында Құрманғазы көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін Достық даңғылының «қасбеттен қасбетке дейін» және Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейін Пушкин көшесін кешенді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарға кірісеміз», - деді әкім.

Осы жобалар аясында жол жабыны жаңартылады, веложолдар, спорттық және серуендеу аймақтары жабдықталады, сондай-ақ аумақты кешенді көгалдандыру жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Айта кетейік, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2 млрд теңге бөлінді, бұл 34 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Олардың ішінде 20 аула аумағын, 7 қоғамдық кеңістікті абаттандыру және 7 учаскеде автосуару жүйелерін орнату бар.

2025 жылы ХҚБ аясында  тағы 34 жобаны іске асыруға 2 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында 17 аула аумағын, 13 қоғамдық кеңістікті абаттандыру және 4 учаскеде автосуару жүйелерін монтаждау жоспарланған.

2024 жылы тұрғындардың белсенді демалысы үшін қолайлы қалалық орта мен жағдай жасау үшін 60 аула аумағын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың сәуірінде басталады. Жоба аясында заманауи воркаут-аймақтар, балалар және спорт алаңдарын салу көзделген. Бұл мақсаттарға 2,8 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс орны #Тереңқұр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);