AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасын іске асыр...

Алматыда «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасын іске асыру жалғасуда

Әлеумет 31.08.2021, 15:14 1,413
Алматыда «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасын іске асыру жалғасуда
baigenews.kz

Алматыда 17 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қозғалыс құрылғылары – сурдо- және тифлотехникалармен қамтамасыз етілді 



Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде ерекше мұқтаж адамдарға қолдау көрсету туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматыда 53,7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша олардың барлығы оңалту мен әлеуметтік қызметтерге техникалық құралдармен ақысыз қамтамасыз етілген. Бұл мақсаттарға 5,6 млрд теңге қарастырылған. 



«Биыл әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді, онда мүгедектер республика бойынша жеткізушілерден қажетті тауарлар мен қызметтер түрін өз бетінше таңдай алады. Мүгедектердің тілектеріне сәйкес қымбат тұратын тауарларды таңдағанда, қосымша төлем жасау функциясы бар техникалық құралдардың белгіленген құнын өтеу механизмі қарастырылған. Жыл басынан бері 16 800 мүгедекке оңалту, қозғалыс құралдары, тифло-сурдотехникалық құралдар мен гигиеналық құралдар берілді»,-деді Назира Тоғызбаева. 



Сонымен қатар, 5 мың мүгедек оңалту қызметімен қамтылды. Олар ымдау тілі мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз етілген, сонымен қатар курорттық емделуге жіберілген. 
 
Қозғалуы қиын мүгедектер мен мүгедек балаларға «Инватакси» көлігінің ақысыз қызметі ұсынылады. Бұл қызметті ай сайын 1 500 мүгедек пен 357 мүмкіндігі шектеулі бала пайдаланады. Айта кетсек, Алматыда «Оңай» жүйесі орнатылған 39 «Инватакси» автокөлігі бар. 
 
Назира Тоғызбаева қалада мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде нысандарды сертификаттау мен бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты. 2021 жылы 180 объект сертификатталды, 150 объект бейімделді. 
 
Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін құрылған.


«TenQogam» әлеуметтік қолдау орталығы туралы да айтты. Орталық мамандары құқықтық, психологиялық қызмет көрсетеді, сонымен қатар әлеуметтік, педагогикалық және тәрбиелік мәселелерді шешуге көмектеседі, тренингтер мен вебинарлар өткізеді. 



«Мүгедектікке байланысты қорқыныш пен белгісіздікті жоюға бағытталған «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасын іске асыру жалғасуда. Бұл мектепте олар өзін-өзі бағалауды арттыруға және қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Биыл ерекше қажеттіліктері бар 80 азамат 6 жаттықтырушымен бір апталық курстан өтті. Курстар аяқталғаннан кейін кеңсе базасында 21 күндік шеберлік сабақтары жалғасуда», - деді Назира Тоғызбаева. 



Мектептің ерекшелігі, мұндағы жаттықтырушылар – түрлі проблемаларды жеңген мүмкіндігі шектеулі жандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«TenQogam» #Тоғызбаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);