AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда таудағы сел жағдайы бақылауға алынды

Алматыда таудағы сел жағдайы бақылауға алынды

Әлеумет 13.07.2023, 02:18 897
Алматыда таудағы сел жағдайы бақылауға алынды
Сурет: Inform.kz

Алматы қаласы аймағында 51 мореналық көл бар.


Алматы тауларында сел қауіпті кезең басталуына байланысты 11 шілдеден бастап «Қазселденқорғау» Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендері бассейндеріндегі аса қауіпті көлдерді судан босату бойынша алдын алу жұмысын қолға алды, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Алматы қаласы аймағында 51 мореналық көл бар. Оның ішінде жарылу қаупі бар 6-уында судан босатуға арналған алдын алу жұмысы жүргізіледі. Көлдерді судан босату, эвакуациялық арналарды тереңдету, қосымша сифонды құбыр орнату және монтаждау бойынша алдын алу жұмысын арнайы техника мен Қазселденқорғау мамандары жүзеге асырып жатыр. Сифон құбырлар мен қажетті материалдарды мұздық көлдерге жеткізу «Қазавиақұтқару» көмегімен жүзеге асты», - делінеді қалалық ТЖД хабарламасында.



Мореналық көлдердің жағдайына бақылау 11 кезеңді және 9 тұрақты гидробекет арқылы жүргізіледі.


Бұл бекеттер тұрмысқа қажетті заттармен, гидрометеорологиялық және байланыс құрылғыларымен жабдықталған модульді тұрғын үйлермен қамтамасыз етілген.



«Қазіргі таңда мореналық көлдердің толғаны байқалып отыр. Бірақ ондағы су деңгейі шектік белгіге жеткен жоқ. Сонымен қатар, сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің 31 стансасының көмегімен мореналық көлдердің жағдайын бағалауға және қазіргі уақыт режимінде гидрометеорологиялық жағдайды қашықтан бақылауға болады. Бұл жүйе сел қаупі бар кезеңдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Жалпы, маусым-қыркүйек аралығында Алматы тауларындағы сел жағдайы Қазселденқорғау және ТЖД мамандардың бақылауында болады», - деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тау #сел #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика