AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тау курорттарын байланыстыратын аспалы жо...

Алматыда тау курорттарын байланыстыратын аспалы жол салынуы мүмкін – министрлік

Әлеумет 03.11.2022, 02:20 1,167 Almaty-akshamy
Алматыда тау курорттарын байланыстыратын аспалы жол салынуы мүмкін – министрлік
Сурет: Ашық дереккөзі

Түзету 2020 жылы күшіне енді, бірақ пандемияға байланысты курорттарға уақыт болмады


Қазақстан тау шаңғысы державасы болуға лайық. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматы және шығыс өңірі шаңғы туризмін дамытуға өте қолайлы. Бізде құрғақ қар, ұзақ маусым, жылдың шуақты күндері көп. Сондықтан Алматы аймағы бұл бағытта міндетті түрде қадам жасауы керек. Бұл жерде әлеует бар екеніне сенімдімін. Біз мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеп, заңға енгізе алдық, ол - тау шаңғысы курортын салу кезінде қымбат құрал-жабдықтардың құнының 25 пайызын жекеменшікке қайтару. Бұл - шығынның төрттен бірі. Негізі жақсы қадам. Түзету 2020 жылы күшіне енді, бірақ пандемияға байланысты курорттарға уақыт болмады. Қазір қайта жанданып жатыр. Жаңа бастамалар пайда болады деп ойлаймын», - деді Ержан Еркінбаев Алматыда туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында.



Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаңғы инфрақұрылымын дамытуға үлкен мән беріп отыр.



«Талғар мен Бутаковка шатқалдарын аспалы жолмен және шаңғы трассаларымен байланыстыратын жоба – шынайы жоба. Мамандар көрші шатқалдарды зерттеді. Онда бірнеше көтергіш салып, шаңғы трассасын 70 шақырымға ұзартуға болады. Шымбұлақтан Медеуге шатқал арқылы түсуге болады», - деді вице-министр.



Ержан Еркінбаев бұл маңызды және өте қажет жоба екенін атап өтті.



«Бірақ бұл жер ұлттық саябаққа тиесілі. Бұл жерге әкімдіктің демалыс орнын салуға мүмкіндігі бар, сондықтан мәселені жүйелі түрде шешу қажет. Бизнес өкілдері әлі қызығушылық танытып отырған жоқ. Кәсіпкерлер көтергіштерге техникалық қызмет көрсету қымбатқа түсетінін айтады. Бұл мәселе бүгінде талқыланып жатыр. Ұлттық саябақтың аумағында мүлде қол тигізбейтін жерлер бар. Қазір туризмді дамытуға қолайлы жерлерді әкімдікке беру мәселесі талқылану үстінде. Қазірдің өзінде Алматы өңірі тау шаңғысы алаңдарын кеңейту, курорттық аймақ салуды қарастырып жатыр. Министрлік бұл идеяны қолдап, мұндай жобаны қаржыландырудың жеңілдетілген құралдарын іздейді», - деді спикер.



Алматы облысындағы тау шаңғысы курорттары бір аспалы жолмен байланыстырылатыны туралы ақпарат 2019 жылы пайда болған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аспалы жол #туризм #курорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);