Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда Tartyl Fest өтіп жатыр

Алматыда Tartyl Fest өтіп жатыр

Спорт 17.07.2022, 08:24 1,909
Алматыда Tartyl Fest өтіп жатыр

Алматының «Абай» алаңында турникке тартылудан Tartyl Fest республиқалық фестивалі өтіп жатыр. Бұл шара ҚР Президентінің жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры мен Алматы әкімдігі қолдауымен алғаш рет өткізіліп отыр.



Tartyl Fest фестивалін өткізудің басты мақсаты – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, спортпен шұғылданатын тұрғындар санын  арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.



«Абай» алаңында сағат 9:00-ден бастап қатысушылардың салмағы өлшеніп, оларға нөмірлер берілді. Фестивальге қатысушыларға бір ғана талап қойылады, яғни ережеге сай қатысушылар арасында турникке ең көп тартылу. Сайысшылар салмағы мен жасына байланысты 9 санатта жарысады. Жарыс ресми төрешілер алқасының қатысуымен өтеді.




Сайысқа 55 кг мен 80 кг аралығында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысады. Сондай-ақ 80 кг мен 90 кг жоғары 30 жастан асқан ересектер де қатыса алады.
Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді. Әр қалада 27 жеңімпаз таңдалады. 




Айта кетейік, бұл шара Алматы қаласында өте белсенді түрде өтуде. Өйткені қатысушылар саны жөнінен Алматы көш бастап тұр. Қалалықтар таңертең ерте келіп, салмақтарын өлшетіп, сайысқа қатысуға ниеті жоғары екенін байқатты. Фестивальге алматылықтар өте көп жиналған.
Еске салайық, бірінші орын жеңімпазына 200 мың теңге ақшалай сыйлық, екінші орын үшін – 100 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге беріледі.




Өңірлерден іріктелген жеңімпаздар астанада өтетін гранд-финалға қатысады, жүлде қоры – 54 млн теңге. Ал жарыс чемпионы Street Workout бойынша әлемдік чемпионатқа Қазақстаннан жолдама алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Абай алаңы #Tartyl Fest
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика