конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда танымал спортшылар марапатталды

Алматыда танымал спортшылар марапатталды

Спорт 17.12.2024, 12:33 910 yakiya
Алматыда танымал спортшылар марапатталды
ҚР Қорғаныс министрлігі

Биыл Парижде өткен Олимпиададағы жеті медальдің төртеуін Армия орталық спорт клубының өкілдері еншілеген болатын.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов армия спортшыларын марапаттады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл армия спортшылары Ғұсман Қырғызбаев, Ислам Сәтбаев, Демеу Жадыраев және Нариман Құрбанов елімізді әлемге әйгілі етті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов CISM халықаралық әскери-спорттық ұйымымен байланыстың қайта жандануын оң бағалап, келесі жылы ол басқармадан бізге бір орын берілетінін мәлімдеді.

"Екі жыл қатарынан әскери қызметшілеріміз республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңіске жетті. Келесі жылы АОСК шеңберінде біз осы спорт түрінен әлем чемпионатын өткіземіз. Оған қоса, Жоғарғы Бас қолбасшы әскери спорт колледжін құру туралы шешімімізді қолдады. Бұл Қарулы Күштер үшін де, мемлекетіміз үшін де спортты дамытудың тағы бір қадамы. Жастардың лайықты білім алуы және болашақта спортта жоғары жетістіктерге жетіп, өз әлеуетін іске асыруы үшін жағдай жасаймыз", – деп атап өтті министр.

Қорғаныс ведомствосының басшысы АОСК басшылығының алдына бірқатар міндет  қойды. Олардың қатарында қазақ күресі, самбо, жауынгерлік самбо және регбиді дамыту да бар. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов бұдан бөлек Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған спорттық іс-шараларды сапалы ұйымдастыру қажеттігіне де тоқталды.

Кездесу соңында Қорғаныс министрі АОСК спортшыларын, команда бастықтарын, жаттықтырушылар мен спорт ротасының әскери қызметшілерін марапаттады. «Ел қорғаны» медалі аға лейтенант Марат Байқамұровқа, Қарулы Күштердің қызметкері Нариман Құрбановқа, ефрейтор Нұрқожа Қайпановқа, кіші сержант Жәмила Бақбергеноваға және капитан Зәмзәгүл Файзолановаға табысталды. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» белгісіне қатардағы жауынгерлер Асан Сәлімов, Абдулла Мусин, Әлімхан Сыздықов, ефрейтор Мейіржан Әшіров және Қарулы Күштердің қызметкері Камиль Куруглиев ие болды. Қарулы Күштердің қызметкері Ангелина Лукас министрдің грамотасын алды, ал атаулы сағаттар – подполковник Атахан Нұридиновке, лейтенант Асан Мәмбетқұловқа, капитан Ғұмар Қырғызбаевқа, Қарулы Күштердің қызметкерлері Камал Гаджимагомедовке пен Нұрым Дүйсеновке берілді.

Оқу-әдістемелік жиын аясында Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен жоғары оқу орындарының дене шынықтыру даярлығы және спорт мамандарының қызметінің қорытындысы шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Армия #спорт #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);