AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған...

Алматыда Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған альбом таныстырылып, жас таланттардың көрмесі ашылды

Мәдени Алматы 24.04.2026, 14:52 222 yakiya
Алматыда Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған альбом таныстырылып, жас таланттардың көрмесі ашылды

Алматыда Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған альбом таныстырылып, жас таланттардың көрмесі ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты «Almaty Gallery» галереясында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған мерейтойлық альбомның тұсаукесері және жас суретшілердің «ZAMANDASTAR-IV» көрмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Суретшілер одағының мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Мерейтойлық альбомға Одақтың тарихы мен қызметі туралы материалдар, сондай-ақ Қазақстаннан және шетелден 200-ден астам автордың туындылары енгізілген. Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

«ZAMANDASTAR-IV» көрмесі әртүрлі техника мен бағытта орындалған жас суретшілердің жұмыстарын біріктірді. Экспозицияда Оралбек Қабөке, Алмас Нұрғожаев, Дәуренбек Бекназар, Әлішер Жүргенов, Нұрболат Асқар, Айдос Сейдақұл, Санжар Сырғабаев, Тұрғын Әбдірахман, Нұрлан Сатаев, Сұлтан Аманжол, Мөлдір Сағындықова, Махаббат Сағындық, Әйгерім Оспан, Тұрбай Мұратбек, Елдос Азаматұлы, Қажыбек Ақмарал, Қабиқожаева Әлия, Өркен Аят және Зарина Чукетаеваның туындылары ұсынылған.

Іс-шара аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Жас суретшілер одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім бірлескен көрме және мәдени жобаларды дамытуға, сондай-ақ жас авторларды қолдауға бағытталған.

Көрме 2026 жылғы 6 мамырға дейін жалғасады. Галерея сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 17:34

Алматының туристік стенді Сеулдегі халықаралық көрмеде марапатқа ие болды

Бүгін 16:59

Фестивальдер қаласы: Алматыда жазғы маусым кең ауқымда басталды

Бүгін 16:54

Алматыдағы The Spirit of Tengri фестиваліне 50 мыңға жуық көрермен жиналды

Бүгін 15:23

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Бүгін 15:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);