конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоар...

Алматыда суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

Алматы Бүгін 10:33 43
Алматыда суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында суицидтің алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында арнайы ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәслихат отырысында мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тиісті шешім жобасы Қазақстан Республикасы халқы арасында суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған Жол картасын және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген.

Бүгінде Алматыда Психикалық сауықтыру орталығының суицидологиялық қызметі жұмыс істейді. Сонымен қатар білім беру ұйымдары, ішкі істер органдары, әлеуметтік қорғау мекемелері және өзге де мемлекеттік құрылымдармен бірлескен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Алайда бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіретін бірыңғай тетік қажет. Осыған байланысты қалада Суицидтердің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру ұсынылып отыр.

Жаңа комиссия суицидтің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге, Жол картасы аясындағы іс-шаралардың орындалуын бақылауға, әрбір суицид жағдайының себептерін жан-жақты талдауға, жүйелі мәселелерді анықтап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, комиссия қызметі қосымша бюджет қаражатын талап етпейді. Оның жұмысы құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолданыстағы өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асырылады.

Мәслихат қарауына ұсынылған шешім жобасына сәйкес, комиссия құрамын 31 адамнан бекіту жоспарланып отыр. Оның қабылдануы Алматыдағы суицидтің алдын алу шараларын жүйелеп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #суицид #суицидтің алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда автотұрақтар, самокаттар мен шлагбаумдарға жаңа қағидалар енгізіледі

Бүгін 10:34

Алматыда ALMA LOVE 2026 онкүндік жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:04

Алматы, Астана және Қостанай тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 09:38

Кедергісіз дауыс беру: Алматы барлық сайлаушылар үшін Құрылтай депутаттарын сайлауға қалай дайындалып жатыр

Кеше 19:27

Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Кеше 19:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);