AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шар...

Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді

Алматы 07.08.2026, 16:31 329
Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді
Алматы әкімдігі

Тамыз айы бойы Алматыда Спорт күніне орай халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бағдарлама аясында турнирлер, көпшілікке арналған жаттығулар, отбасылық фестивальдер мен әуесқойлар арасындағы жарыстар өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Негізгі іс-шаралардың қатарында жоғары оқу орындары командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты, Денсаулық және спортқа арналған отбасылық фестиваль, Медиабаскет лигасы, 3×3 баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалы, Gran Fondo World Championship Qualifier іріктеу кезеңі, Roland Garros Juniors халықаралық турнирі және есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының IV спартакиадасы бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары үшін Almaty Move жобасы аясындағы тегін жаттығулар жалғасады.

Іс-шаралар кәсіби спортшыларға да, әуесқой деңгейде спортпен айналысатын немесе салауатты өмір салтын енді ғана бастап жүрген тұрғындарға да арналған.

Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мерекелік бағдарлама бұқаралық спортты дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтарының белсенді демалуына қосымша мүмкіндік жасауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Бүгін 16:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);