AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда цифрлық Digital Almaty 2023 мерейтойлық ф...

Алматыда цифрлық Digital Almaty 2023 мерейтойлық форумы өтеді

Әлеумет 10.01.2023, 11:13 1,286
Алматыда цифрлық Digital Almaty 2023 мерейтойлық форумы өтеді
Сурет: Рrimeminister.kz

Форумның басты тақырыбы - инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері.


2023 жылдың 2-3 ақпанында Алматыда V Халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикерлер – халықаралық және қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді. Digital Almaty-ға әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылайды.



Digital Almaty пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысады. ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен пленарлық сессияда талқылаудың негізгі тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту болады. Спикерлер GovTech және FinTech даму перспективалары туралы әңгімелейді, сондай-ақ өңірде IT бизнесті одан әрі дамыту туралы көзқарасымен бөліседі.


Форумда ел технопарктерінің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмелері ұйымдастырылады. Көрме аймақтары Индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелерді көрсетеді.


Сонымен қатар, FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т. б. саласындағы жобалар көрмесін қоса алғанда, 100 жаңа жоба ұсынылатын стартаптар аллеясы да IT-саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп ұйымдастырылады, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкелері. Дәстүр бойынша форум алаңында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін шайқас өтеді. Шайқастың жүлде қоры $18 000 құрайды.


Форумға almatydigital.kz. сайтында тіркелу арқылы қатысуға болады.



Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.



БАҚ үшін байланыстар:


ЦДИАӨМ  баспасөз хатшысы: Ерхан Таткен +7702 817 7617


Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190


ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #Алматы #инновация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика