Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Цифрлы Теңізшевройл-2022» форумы өтті

Алматыда «Цифрлы Теңізшевройл-2022» форумы өтті

Әлеумет 10.06.2022, 11:42 1,116
Алматыда «Цифрлы Теңізшевройл-2022» форумы өтті
Сурет: Egemen.kz

Форум жұмысына ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова қатысты. Ол  Қазақстан Үкіметі тарапынан энергетика саласын  цифрландыруға және қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударылып отырғандығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 



«ТШО-ның цифрландыруға деген сындарлы көзқарасының табысты болуы IТ мамандары жұмысының бизнес-міндеттерді шешуге бағытталуында болып отыр. Біз бұл форум отандық IТ компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Жанат Жахметова. 



Компания мамандары форум қатысушыларына Теңіз кен орнында сәтті енгізілген инновациялық технологиялар туралы айтып берді. Мәселен, ТШО-ның барлық автокөлік паркі көлік қауіпсіздігі интеллектуалды жүйесімен қамтылған. Ол дыбыстық сигнал беру арқылы жүргізушінің шаршау деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жазатайым оқиғаларды азайтуға және қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  ықпал етеді. 


2020 жылы Кешенді технологиялар желіде (КТЖ) виртуалды зауыт (Virtual Plant) шешімі көмегімен нақты уақыт режимінде бүкіл зауыттағы бақылау-өлшеу жабдықтарынының   деректері  біріктірілді. Нәтижесінде сұйытылған көмірсутекті газ (СКГ) өндірісі көлемі ұлғайтылды.   Цифрлық технологияларды қолдану арқылы Теңізде СКГ өндірісін ұлғайту ОРЕС+ шектеулерінің орнын толтыруға көмектесті. Сонымен қатар қиындықтарды мүмкіндіктерге айналдыруға, цифрлық шешімдер арқылы құндылықты құру тізбегін оңтайландыруға және өзгерістерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік берді. 


Сондай-ақ кәсіпорын қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мамандары ТШО қамтушысы болу үшін, IТ компаниялар қандай қадамдар жасау керектігіне тоқталды. Форумда  ТШО-ның  техникалық (техникалық менеджер, .NET әзірлеушілері, DevOps инженерлері, QA тестерлері) және техникалық емес (өзгерістерді басқару мамандары, бизнес-аналитиктер (Business Analyst, Proxy Product Owners),  әрі Low Code әзірлеушілері(PowerApps, PowerBI) рөлдерін орындауға қабілетті АТ мамандарды қабылдауға  мүдделі екендігі  айтылды.  



«Қазақстандық қамтуды арттыру – ТШО-ның басым бағыттарының бірі. Біз үшін отандық компаниялармен бірге жұмыс жасап, олардың дамуына  күш-жігер жұмсау  маңызды. Біздің мақсатымыз – АT мамандарының үлесін барынша арттыру. себепті   форум қарсаңында  «Цифрлы Теңізшевройл – 2022» атты Хакатон шарасын өткіздік. Берілген мәселенің оңтайлы шешімін тапқан командалар ТШО-мен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болды», - деп атап өтті ТШО-ның цифрландыру бойынша чемпионы Марат Қуатов.  



Айта кететін жәйт, Хакатонға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің бірі, ТШО-ның цифрландыру жөніндегі кеңесшісі Азидолла Қисметовтың айтуынша: «Шешім ғана емес, сонымен қатар компанияның жалпы даярлығы мен құзыреттілігінің деңгейі бағаланды».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #ТШО #энергетика саласы #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика