AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртіб...

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Алматы Бүгін 17:13 46
Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді
Алматы әкімдігі

2026 жылы 28 сәуірде іске қосылған техникалық пилоттық жоба жыл соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазір Алматыдағы шығарындылары төмен аймақ (LEZ) тек пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. 2026 жылы 28 сәуірде іске қосылған техникалық пилоттық жоба жыл соңына дейін жалғасады. Бұл туралы заң шығару саласының сарапшысы, Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Бұзырбаев айтты.

«Пилоттық режимде автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексеруден өткізу, аймаққа кіргені үшін ақы алу, қозғалысты шектеу немесе айыппұл салу қарастырылмаған. Қазір автокөлік иелерінің техникалық тексеруден өтуі ерікті. Ал одан өтпеу ешқандай құқықтық салдарға әкеп соқпайды», – деді ол.

Еске салайық, Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидалары мәслихаттың 2025 жылы 30 желтоқсандағы №272 шешімімен бекітілді. Қағидалардың арнайы экологиялық талаптар мен LEZ жұмысына қатысты кейбір нормалары алғашқы ресми жарияланған күннен бастап бір күнтізбелік жыл өткен соң күшіне енеді.

«Тиісті нормалардың күшіне енуі шектеулердің автоматты түрде енгізілетінін білдірмейді. LEZ-ді тұрақты режимге көшіру үшін Алматы қаласы әкімдігінің шығарындылары төмен аймақтың шекарасын белгілеу туралы жеке қаулысы қажет. Бұл қаулы қабылданғанға дейін қазіргі шекаралар тек пилоттық жоба аясында қолданылады», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, Алматының географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, пилоттық жоба қорытындысы бойынша LEZ шекарасын бүкіл қала аумағында белгілеу мәселесін қарастырған жөн. Алматы тау бөктеріндегі ойыста орналасқандықтан, мұндағы климаттық және табиғи жағдайлар ластаушы заттардың ауада табиғи жолмен таралуына кедергі келтіреді. Атмосфералық ауаның ластануы кейбір аудандар немесе көшелермен шектелмейді. Сондықтан LEZ аумағын тым тар шеңберде белгілеу оның экологиялық тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Сонымен қатар Ерлан Бұзырбаевтың айтуынша, аймақтың шекарасын белгілеу туралы әкімдік қаулысын пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, жүйенің барлық элементі толыққанды жұмыс істеуге дайын болғаннан кейін қабылдаған жөн.

Оның пікірінше, бұл үшін бірнеше шарт орындалуы қажет. Атап айтқанда, шығарындылардың негізделген нормативтері белгіленіп, техникалық тексерудің бірыңғай әрі қайталанғанда бірдей нәтиже беретін әдістемесі бекітілуге тиіс. Сондай-ақ, операторлар саны жеткілікті болып, бәсекелі нарық қалыптасуы, қызмет құны экономикалық тұрғыдан негізделуі, автокөліктерді тексеру тәртібі мен ақпараттық жүйелер толық дайын болуы керек. Әкімшілендіру тетігі де барынша автоматтандырылуы қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);