Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ШОБ-ті қолдау үшін қандай шаралар қабылда...

Алматыда ШОБ-ті қолдау үшін қандай шаралар қабылдануда

Әлеумет 16.01.2022, 07:49 1,561
Алматыда ШОБ-ті қолдау үшін қандай шаралар қабылдануда
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Форс-мажорлық жағдайлар туралы куәлік алуға болады


Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында зардап шеккен бизнесмендердің қайсысы келтірілген залалды өтей алады, несиелер мен салықтар бойынша кейінге қалдырыла ма, жоқ па, соны айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Қошмамбетовтың айтуынша, зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері залалды өтеуге үміттене алады. «Шешім әрбір нақты жағдайда әзірленіп жатқан үкіметтік қағидалар негізінде құрылған комиссиялардың қараған қорытындылары негізінде қабылданатын болады», - деп атап өтті спикер.



Ол Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Жібек жолы көшесі, 135 (Амангелді к-сінің қиылысы) 2-ші блок, 8-ші қабат мекен-жайы бойынша хабарласып, форс-мажорлық жағдайлар туралы куәлік алуға болатынын атап өтті.



Несиелер мен салықтық төлемдер бойынша мерзімді ұзартуға қатысты Айтуар Қошмамбетов мынаны түсіндірді: «Салықтық төлемдер бойынша мәселе қазіргі уақытта ҚР Үкіметі деңгейінде қарастырылуда. Бұдан басқа, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрықпен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шараларын бекітті. Құжатқа сәйкес кредиттік ұйымдар ТЖ кезінде оның қаржылық жай-күйінің нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері болған кезде қарыз алушының банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұрады».



Кәсіпкер объектінің бос тұрып қалуы кезінде қызметкерлердің жалақысы бойынша шығындарды залал сомасына қосуға бола ма деген сұраққа спикер шығыстардың осы бабы бизнестің тоқтап тұруына байланысты, мысалы, тез бұзылатын өнімдер үшін шығындар және жалға алу шығыстары сияқты залал ретінде есептелмейтінін атап өтті. Жалдау ақысы мәселелері бойынша дауларды реттеу үшін кәсіпкерлерге аудандық комиссияға өз бетінше өтініш беру ұсынылады, ол залал анықталғаннан кейін шешім қабылдап, қорытынды береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ШОБ #Кәсіпкерлік #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика