Осылайша, Ne Prosto Orchestra ұжымы таратқан ақпарат расталмайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде Ne Prosto Orchestra ұжымы жариялаған ақпаратқа байланысты түсінік берді.
2018 жылы «Алматы әуендері» КМҚК Республика сарайында билеттерді брондау және сату процесін автоматтандыру жүйесін енгізді. Бүгінгі таңда кәсіпорынмен 7 жеке билет операторлары жұмыс істейді (Kassir.kz, Ticketon.kz, Zakazbiletov, Билеты Астаны, Kino.kz, Topbilet.kz және Kassy.kz) , сонымен қатар, билеттер кәсіпорынның ресми сайты мен кассалары арқылы да сатылады. Аталған сату арналарының әрқайсысында билетке жеке бірегей код беріледі. Бірыңғай интеграциялық жүйе болмаған жағдайда, кәсіпорын көрермендердің билеттерін тексеру үшін кіреберісте әрбір операторға жеке-жеке тиесілі 7 дербес тексеру жүйесін орнатып, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мәжбүр болар еді.
2% мөлшеріндегі комиссия билет операторларымен жасалған шарттарға сәйкес бірыңғай билет жүйесін пайдаланғаны үшін алынатынын ерекше атап өткіміз келеді. Бұл комиссия іс-шара ұйымдастырушыларынан тікелей ұсталмайды. Ал билет операторларының өз қызметтері үшін белгілейтін 6%-дан 20%-ға дейінгі сервистік алымдары мен өзге де төлемдерінің мөлшерін олардың өздері жеке айқындайды. Бұл мәселелер кәсіпорынның құзыретіне жатпайды және оның тарапынан реттелмейді.
Аталған комиссиядан түскен қаражат кәсіпорынның ресми есепшоттарына түседі. Бұл қаражат еңбекақы төлеуге, кіруді бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге, серверлік инфрақұрылымды күтіп ұстауға және басқа да қажетті пайдалану шығындарын өтеуге жұмсалады.
Осылайша, Ne Prosto Orchestra ұжымы таратқан ақпарат расталмайды.
Сонымен қатар, Ne Prosto Orchestra ұжымы 2018 жылдан бері Республика сарайында көптеген іс-шара өткізіп, осы уақыт аралығында ұжым билеттерді брондау, сату және есепке алу, сондай-ақ көрермендердің кіруін бақылау үшін кәсіпорынның инфрақұрылымын пайдаланып, билеттерді әртүрлі сату арналары арқылы жүзеге асырған.