AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Шевченко мен Байзақов көшелерінің қиылысы...

Алматыда Шевченко мен Байзақов көшелерінің қиылысында инженерлік желі тарту жұмыстары басталады

Алматы 28.08.2026, 15:50 236
Алматыда Шевченко мен Байзақов көшелерінің қиылысында инженерлік желі тарту жұмыстары басталады
Алматы әкімдігі

Жұмыс үш учаскеде жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында Алматының Алмалы ауданында салынып жатқан «Шевченко-Байзақов» тұрғын үй кешеніне жылу, су құбыры және су бұру желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты.

Осыған байланысты Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жүргізушілерден уақытша шектеуді ескеріп, жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Жұмыс үш учаскеде жүргізіледі. Жылу жүйесі Жамбыл көшесі, 168а мекенжайындағы қосылу нүктесінен салынып жатқан ғимаратқа дейін тартылады. Су құбыры және су бұру желілері Байзақов көшесі, 232 мекенжайындағы қосылу нүктелерінен нысанға дейін жүргізіледі.

Инженерлік желілерді тарту жұмыстарын Qazaq Stroy компаниясы жүзеге асырады. Жоба аясында кәріз желілерін монтаждау және кейіннен аумақты көркейту жұмыстары да қарастырылған. Барлық жұмысты 2026 жылы 18 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау, жүріп-тұру бағытын жоспарлау кезінде шектеуді ескеру және жұмыс жүргізіліп жатқан аумаққа жақын жерде қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Бүгін 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Бүгін 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Бүгін 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);