AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда шетелдік дропперлер ұсталды

Алматыда шетелдік дропперлер ұсталды

Заң мен тəртіп 16.06.2025, 11:43 929
Алматыда шетелдік дропперлер ұсталды
Polisia.kz

Алматылық полиция 45 млн теңгеден астам қаражатты айналдырған дропперлерді ұстады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қаласында полицейлер интернет-алаяқтық әрекеттері бойынша жүргізілген арнайы операция нәтижесінде екі күдіктіні ұстады. Олардың бірі – елімізге қылмыстық мақсатпен келген шетел азаматы. Тергеу барысында анықталғандай, бұл адамдар алаяқтық жолмен азаматтардың банк карталарынан ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан. Күдіктілер көлеңкелі интернет-арналардағы кураторлардың тапсырмаларын орындап, банкоматтардан ірі көлемде ақша шешіп, оның белгілі бір пайызын сыйақы ретінде алып отырған. Ізін жасыру үшін олар түрлі тәсілдерге, соның ішінде сыртқы келбеттерін өзгертуге дейін барған. Құқық қорғаушылар қылмыстық әрекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін тәркілеп үлгерді. Тергеу барысында олардың өзге де қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, қысқа мерзім ішінде күдіктілер 45 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

"Полиция киберқылмысқа қатысты қылмыстық тізбектерді жүйелі түрде әшкерелеп, жолын кесіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Тағы бір ескертеріміз – ешқашан жеке деректеріңізді, банк картасының кодтарын бейтаныс адамдарға бермеңіз. Олар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырса да, мұндай ақпаратты айту қауіпті. Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз", деді Алматы қалалық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дроппер #Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);