AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сел қаупі жағдайы ерекше бақылауда

Алматыда сел қаупі жағдайы ерекше бақылауда

Әлеумет 10.06.2024, 13:58 813 dulatbekova
Алматыда сел қаупі жағдайы ерекше бақылауда
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласының ТЖД және «Қазселденқорғау» ММ Ақсай өзенінің бассейнінен Кіші Алматы өзенінің бассейніне дейін Іле Алатау жотасындағы биік таулы моренді көлдер мен мұздықтардың жағдайын тікұшақпен тексеріп шықты.

 Сонымен қатар, селден қорғау нысандары да қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматының тау бөктерінде  барлығы 51 моренді көл бар, оның алтауы – ең серпінді. Бұл Кіші Алматы өзені бассейніндегі №6 көл; Үлкен Алматы бассейніндегі № 10, 13-бис көлдері және Ақсай өзені бассйніндегі № 8, 9, 10 көлдері.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы сел қаупі тұрақты және ерекше бақылауда. Көлдердің көп бөлігі 65-70% - ға толады - су деңгейі қауіпсіз белгілерде. Қазіргі кезде тауларда ауа температурасы 5-6°С құрайды.

Шілдеде биік таулы аймақтағы орташа айлық температура 7-15°с шегінде ауытқиды. «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді болжамы бойынша жазғы кезеңде тауларда ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, кейде нормадан жоғары (22°С дейін). Сел шығарындыларының алдын алу үшін биыл моренді көлдердің суы ағызылады.

Алматының жергілікті бюджет резервінен осы мақсаттарға қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа су ағызу арналарын тазарту және тереңдету үшін өнімділігі жоғары сорғылар, сифон құбырлары, дәнекерлеу аппараттары және басқа да жабдықтар сатып алынады.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары 10 тұрақты және 3 маусымдық постарда бақылау жүргізеді. 20 маусымнан кейін қалған 10 маусымдық постта бақылау басталады.

Алматы қаласындағы сел қаупі бар жағдай ТЖД мен «Қазселденқорғау» АҚПТБ ММ ерекше бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сел қаупі #тексеру #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);