AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда санитариялық-эпидемиологиялық мемлекеттік...

Алматыда санитариялық-эпидемиологиялық мемлекеттік қызметтер қолжетімді түрде көрсетілуде

Әлеумет 14.03.2025, 17:09 603 Жұбанышева К, Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы
Алматыда санитариялық-эпидемиологиялық мемлекеттік қызметтер қолжетімді түрде көрсетілуде
Сурет видео скрині

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Бұл қызметтер еліміздің заңнамасына сәйкес, азаматтардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында тең қолжетімділік, ашықтық, тиімділік және төрешілдікке жол бермеу қағидаттары қатаң сақталады. Барлық қызметтер "Электрондық үкімет" порталы (www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы көрсетіліп, жеке және заңды тұлғаларға тегін ұсынылады.

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы теміржол, су, әуе көліктері және метрополитен нысандарына қатысты мынадай үш мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  1. Эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
  2. Қоршаған ортаға зиянды заттардың әсері мен өнімдердің нормативтік талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
  3. Тамақ өнімдерін өндіру нысандарына есептік нөмір беру және олардың тізілімін жүргізу.

Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесін "Жеке кабинет" арқылы немесе 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып біле алады. Сондай-ақ, нашар көретіндерге арналған арнайы нұсқа портал арқылы қолжетімді.

Қызмет көрсетуге өтініш білдірген кезде кейбір жағдайларда заңнамаға сәйкес бас тартылуы мүмкін. Оған келесі себептер жатады:

  • Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыс болмауы;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат gov.egov.kz порталында орналастырылған. Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халыққа қолжетімді және сапалы қызмет көрсетуді жалғастырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік қызметтер #денсаулық сақтау #санитариялық талаптар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Бүгін 10:13

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін 09:08

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Кеше 19:41

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);