Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы Серік Жұмабеков қатысып, салықтық бақылау мен талап-арыз жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін түсіндірді.
Салық кодексінің тұжырымдамалық бөлігіне жүгінетін болсақ, онда салықтық әкімшілендіру – бұл салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді алу үшін салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар мен әдістердің жүйесі (жиынтығы), оған басқалармен қатар, салықтық бақылауды жүзеге асыру, орындалмаған салық міндеттемелерін мәжбүрлеп орындату әдістерін қолдану және салық берешегін өндіріп алу шаралары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету және салықтық әкімшілендірудің басқа да нысандары кіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Бұл ретте салықтық әкімшілендіру үш қағидатқа негізделеді:
1) заңдылық;
2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл.
«Өз кезегінде салықтық бақылау – бұл салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, өзге де заңнамаларының нормаларының орындалуын жүзеге асыратын бақылау болып табылады», - деді С.Жұмабеков.
Салықтық бақылау салықтық тексеру нысанында және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салық нысандарын қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) салық мониторингі;
5) салықтық тексеру;
6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау;
7) тауарлар айналымының қадағалануы.
«Жоғарыда келтірілген ұғымдардан көрініп тұрғандай, салықтық бақылау салықтық әкімшілендірудің бөлігі болып табылады және сәйкесінше салықтық бақылау шеңберінде алынған нәтижелер мен мәліметтер салықтық әкімшілендіруді жүргізу үшін қолданылады», - деп түсіндірді спикер.
Ол сондай-ақ шағымдардың ең көп саны мемлекеттік кірістер органдарына салықтық бақылау нысандары бойынша камералдық бақылау, салықтық тексеру, салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу, сондай-ақ талап-арыз жұмысы ретінде түсетінін атап өтті.
Камералды бақылау – салықтық бақылаудың ең кең тараған түрі, оның негізгі мақсаты салық төлеушіге бұзушылықты өз бетімен жою мүмкіндігін беру болып табылады.
Салықтық бақылаудың келесі түрі - салықтық тексеру. Салықтық тексеруді жүргізудің негіздері мен нысаны Салық кодексінің 70-бабымен регламенттелген. Осы бапта белгіленгендей, салықтық тексеру тіркеу деректерінде көрсетілген заңды мекенжай бойынша жүргізіледі.
«Бүгінгі күні электрондық тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу мүмкіндігіне байланысты мекен-жайы дұрыс көрсетілмеген немесе толық емес мәліметтерді қамтыған жағдайлар жиілеп кетті, осыған байланысты салықтық тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша болмау белгіленеді және салық төлеушінің атына хабарлама жіберіледі», - деді ол.
Талап-арыз жұмысы - бұл Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындау мақсатында жүргізілетін мемлекеттік кірістер органдарының бейіндік қызметі емес. Бұл жұмысты жүргізу құқығы Салық кодексінің 19-бабының 10-тармағында белгіленген.
«Бұл рәсімдерді салық органы даулы құқықтық қатынастар тараптарының теңдігі болып табылатын айрықша ерекшелігі болып табылатын азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.Сонымен қатар, салық төлеушілерді сот талқылауы орбитасына негізсіз тартуға жол бермеу мақсатында Алматы қаласы бойынша Департамент келісім комиссиясының отырыстарын өткізеді, оның мүшелерінің бірі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі болып табылады, оның жұмысы дауды сотқа дейін реттеу және талап арыздың дәлелді базасын зерттеу болып табылады», - деп түсіндірді спикер.
Осы комиссия отырысының нәтижелері бойынша талап қою бағытында немесе пысықтауға жіберу туралы шешім шығарылады. Бұл шешімге ӘРПК шеңберінде шағымдар жиі берілед