конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми...

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Алматы 17.06.2026, 16:09 273 yakiya
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды
elibrary.kaznu.kz

Бұл орталық Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі осы бағыттағы алғашқы мамандандырылған ғылыми-білім беру мекемесі болып саналады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 1 маусымда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институтының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Институттың ашылуы отандық нейроғылымның дамуына серпін беріп, еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалардың маңызды нәтижесіне айналды. Ол 2018 жылы құрылған ҚазҰУ-дың Когнитивтік нейроғылым орталығы негізінде құрылып, ми зерттеулері мен жаңа буын нейромамандарын даярлауда жинақталған көпжылдық ғылыми тәжірибені біріктірді.

Институт төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: когнитивтік нейроғылым, мінез-құлық нейроғылымы, есептеу нейроғылымы және нейролингвистика. Зерттеулер әлемдік деңгейдегі заманауи жабдықтарды пайдалана отырып жүргізіледі, олардың қатарында 3 Тесла магниттік-резонанстық томограф, ANT Neuro жоғары тығыздықты ЭЭГ жүйелері, функционалдық жақын инфрақызыл спектроскопия (fNIRS) технологиялары, сондай-ақ жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау құралдары бар.

Институттың негізгі ғылыми міндеттері адамның миының қалыпты және патологиялық дамуын зерттеу, когнитивтік процестерді талдау, нейродегенеративті аурулардың механизмдерін анықтау, эмоция мен шешім қабылдау үдерістерін зерделеу, көптілділік нейролингвистикасын дамыту және жаңа диагностикалық әрі болжамдық биомаркерлерді әзірлеу болып табылады.

Кадр даярлау бағытына ерекше мән берілген. ҚазҰУ-дың Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында Қазақстанда алғаш рет нейроғылым бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары жүйелі түрде іске асырылуда.

Институттың негізін қалаушы және директоры – профессор Альмира Мэлсқызы Кустубаева, Қазақстандағы нейроғылым саласының жетекші мамандарының бірі, елде нейромамандарды даярлау жүйесін қалыптастыруға және ми туралы кешенді зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалым.

Ми институтының ашылуы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Орталық Азиядағы жетекші зерттеу университеті ретіндегі позициясын одан әрі нығайтып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, инновациялық технологияларды енгізуге және ми ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#институт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 11:15

Испания әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:42

Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Бүгін 10:21

Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты көркейтілді

Бүгін 09:55

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);