Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөні...

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды

Әлеумет 30.05.2023, 12:51 1,478
Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды
Сурет: Ашық дереккөз

Қуғын-сүргінге ұшырағандардың шетелде жүрген ұрпақтарымен де байланыс орнатылып, арнайы кездесулер ұйымдастырылуда


Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты репрессия құрбандарын еске алу күні туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Еске сала кетейік, 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Алматыда да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамына тарихшылар, саясаттанушылар және тағы басқалары бар.



«XX ғасыр қазақ халқы үшін қиын қыстау кезеңдерге толы болды. Бүгінгі таңда тарихшылардың есептеуінше, саяси жер аударылғандардың саны 103 мыңнан асты, оның 25 мыңнан астамы атылып кеткен», - деді спикер.



Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тәуелсіздік алған жылдары-ақ қолға алынған. 1993 жылы 14 сәуірде саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру туралы арнайы шешім қабылданды. Сол кездің өзінде-ақ қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мен жақындары айыпталғандарды ақтауды сұраған.



«Алматы қаласында бірнеше мұрағат бар. Олар – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік архиві. Жоғарыда айтылғандай, 1993 жылдың 14 сәуіріндегі шешімнен кейін бұл архивтерде арнайы комиссия жұмыс істеді. Көптеген азаматтардың толық растайтын құжаттары болғанымен, сол кездегі техникалық базаның қолжетімсіздігінен сол кездегі көп азаматтардың сауалына қанағаттанарлық жауап толық берілмеді деп есептейміз. Мысалы, Алмалыбақ ауылында орналасқан Алматы облыстық архивінде 408 арнайы қор бар. Сол қорға ХХ партия съезінен кейін, яғни Сталиннің жеке басын айыптаудан кейінгі кезеңде көптеген адамдар туыстарын ақтау туралы арыз жазған», - деп атап өтті спикер.



Комиссия жұмысы аясында Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу тобының өкілдері 10-15 жылға өлім жазасына кесілген немесе түрлі лагерьлерге сотталған азаматтардың ұрпақтарын іздестіру мақсатында арнайы жұмыс жүргізуде. Комиссия жұмысы барысында жеке тұлғалар анықталып, мемориалдық тақталар орнату немесе олар тұрған көшелерге атау беру сияқты шаралар қарастырылуда. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың шетелде жүрген ұрпақтарымен де байланыс орнатылып, арнайы кездесулер ұйымдастырылуда.


Сонымен қатар биылғы жылы комиссия Қазақстандағы 1929-31 жылдардағы көтеріліс туралы жинақ шығаруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қуғын #комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика