Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда республикалық киберспорт турнирі өтуде

Алматыда республикалық киберспорт турнирі өтуде

Барлығы 24.05.2025, 17:36 755
Алматыда республикалық киберспорт турнирі өтуде
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматыдағы «FORUM» сауда ойын-сауық орталығында гейминг, киберспорт және цифрлық мәдениет жанкүйерлеріне арналған Almaty Cyber Games Media & Cup – 2025 өтуде.

Жоба үшінші рет ұйымдастырылып отыр және Қазақстанның Орталық Азиядағы цифрлық спорт орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.

”Бүгінде киберспорт жай ғана ойын емес, бұл – тәртіп пен табандылықты, командалық рух пен стратегиялық ойлауды талап ететін нағыз спорт түрі. Сонымен қатар, ол – жастар өмір сүріп жатқан заманауи цифрлық мәдениеттің маңызды бөлшегі. Осындай турнирлерге қатысу жас ұрпақтың болашақта сұранысқа ие болатын дағдыларын дамытып қана қоймай, жаһандық мүмкіндіктерге жол ашады. Киберспорт жедел шешім қабылдауға, біріге жұмыс істеуге және кез келген өзгеріске бейімделуге үйретеді. Бұл қасиеттер тек экран алдында ғана емес, өмірде де аса қажет”, — дейді турнирге қолдау көрсеткен Halyk қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншылар мен жанкүйерлер жиналған. Биылғы ерекшелік – Counter-Strike 2 ойыны бойынша медиялық турнирге баса назар аударылып отыр. Онда танымал блогерлер, актерлер, стримерлер мен музыканттар бақ сынауда.
Қатысушылар жүлде қоры үшін ғана емес, сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі ACG International турниріне жолдама алу үшін де жарысуда. Турнир Dota 2, Counter-Strike 2 және FC 25 сынды үш негізгі ойын бойынша өтуде.

ACG жобасының басты мақсаттарының бірі – елдегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту. Киберспорт – цифрлық трансформацияның маңызды көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге IT мен жаңа технологияларға инвестиция салуға тартымды сала.

Бүгін кешке дейін болатын турнирді тамашалаудан қалыс қалмаңыздар. Сізге цифрлық болашақтың атмосферасына еніп, заманауи технологияның жетістігімен танысу мүмкіндігі туып тұр.

Іс-шараны iPlay Esports және Ұлттық студенттік киберспорт қауымдастығы (NESA) Алматы қаласы әкімдігінің Цифрландыру басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#киберспорт #турнир #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астананың ортасында шетелдіктер дәрет сындырған: полиция не дейді?

Бүгін 12:29

Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді

Бүгін 12:13

Актер Әбілмансұр Серіков тағы да шаңырақ көтерді

Бүгін 11:57

Алматылық арудың жүрегіне жасалған күрделі ота сәтті өтті

Бүгін 11:54

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі