AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда республикалық дирижерлер конкурсы өтеді

Алматыда республикалық дирижерлер конкурсы өтеді

Мәдениет 07.09.2023, 09:34 1,319
Алматыда республикалық дирижерлер конкурсы өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  2023 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді.


Конкурстың Ашылу салтанаты филармонияның Үлкен залында 20-қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.


 2023 жылдың 22-ші қыркүйек күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында конкурс жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерттің өтуі жоспарланып отыр.


 Конкурстың басты мақсаты - қазақстандық дирижерлік мектептің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту; жаңа есімдерді шығару және таныту, дирижерлік өнер саласында талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау; дарынды және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.


 Конкурсқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы 18 бен 35 жасқа дейінгі дирижерлері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Аталмыш байқауға 25 қатысушыдан өтінім келіп түсті, белгілі себептермен конкурсқа 20 үміткер жолдама алды– Астанадан (4), Алматы (8), Шымкент (2),   Петропавл (1), Павлодар (1), Орал (1), Қарағанды (1)  және       Талдықорған (2). Қатысушылар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды орындайды.  Конкурс 2 кезеннен тұрады.


Конкурстың нәтижесін 22-ші  қыркүйек күні құзіретті қазылар алқасы қорытындылайды.


Конкурс номинациялары бойынша - Гран-при, І орын, ІІ орын, ІІІ орын, диплом және«Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін» дипломы белгіленді.


2025 жылы Н.Тілендиевтің Жүз жылдығы халықаралық және республикалық де4гейде кеңінен аталып өтеді деп күтілуде. 2023 жылғы бұл жас дирижерлер конкурсы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен осы айтулы іс-шараның қарсаңында өтеді. Конкурстың ашылу мен жабылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, БАҚ, зиялы қауым, айтулы мәдениет өнер қайраткерлері қатысады. 




 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дирижерлер #конкурс #мемлекеттік филармония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);