Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда құдалық пен туған күн тоқтатылды: демалыс...

Алматыда құдалық пен туған күн тоқтатылды: демалыс күндері карантинді бұзған 39 жағдай анықталды

Әлеумет 26.07.2021, 12:14 1,693
Алматыда құдалық пен туған күн тоқтатылды: демалыс күндері карантинді бұзған 39 жағдай анықталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал  мутацияланған КВИ-дің "дельта" штамына байланысты ушыға түсуде. 


Қалада аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған 40 мониторинг тобы жұмыстарын жалғастыруда. Демалыс күндері тексерушілердің жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал  мутацияланған КВИ-дің "дельта" штамына байланысты ушыға түсуде. Алматыда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 1219 жаңа жағдайы тіркелді. Негізінен, карантиндік шектеулері сақталмаған нысандарда жұқтыру қаупі жалғасуда.


Көбінесе, карантин шектеулері жұмыс режимі мен келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтамайтын ойын-сауық орындарында анықталады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері бетперде режимін сақтамайды. Сондай-ақ сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты алматылықтар үйлену тойы мен салтанатты іс-шараларды өткізуді жалғастыруда.


Демалыс күндері Бостандық ауданының мониторинг тобы Дулати көшесінің бойында орналасқан 18 мейрамхана мен банкет залын тексерді. Екі мекемеде карантиннің бұзылуы анықталды. Bi Kumis салтанат залында 85 қонақтың қатысуымен құдалық өтті, ал "ҰлыТау" мейрамханасында 45 адамға есептелген туған күн өтті.


Той ұйымдастырушылары ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал мекеме иелеріне қатысты Бостандық ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына материалдар толтырылды.


Тәртіп бұзушылар тізімінде Медеу ауданындағы "Атмосфера" мейрамханасы да бар, онда 24 шілдеге қараған түні 100-ге жуық адам болды. Наурызбай ауданында "Гранада Холл" мейрамханасында да бұзушылық тіркелді, онда салтанатты іс-шараға 100-ден астам адам жиналды. Сол ауданда  "Самир" мейрамханасында 100-ге жуық қонақ болды.


Алмалы ауданындағы "Кино" кафесінде карантин бұзылды, онда 60 адам болды. 25 шілдеде түн ортасында Медеу ауданының Late night show барында 110-120 адам болған бұзушылық тіркелді.


Тәртіп бұзушылардың тізіміне Наурызбай ауданының "Бақ Сарай" мейрамханасы да тіркелді, онда 100 қонақ болды. Сондай-ақ 90 келуші болған  "Сұлтан Сарай" мен "Нұр-Ай" мейрамханаларында бұзушылықтар анықталды.


Әуезов ауданының мобильді топ өкілдері 24 шілде күні Жетісу-4 шағын ауданындағы "Веселидзе" дәмханасындағы бұзушылықтарды анықтады. Жазғы террассада келушілердің саны 50%-дан асуына байланысты карантин шектеуі бұзылды. Сондай-ақ қызметкерлер келушілерге бетпердесіз қызмет көрсетті.


Жалпы, осы жылы карантиндік шараларды бұзған 2767 нысан анықталып, 4798 хаттама толтырылды. Заңды тұлғаларға 167 млн. теңгеден астам сомаға 479 хаттама жасалды.  Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 190 млн теңгеге жуық сомаға 4319 хаттама толтырылды.


Карантинді қасақана бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдануда. Санитарлық дәрігерлер нысанның қызметін тоқтату үшін жиналған материалдарды сотқа жолдайды. Биылғы жылы жолданған 75 материалдың 65-і бойынша шешім қабылданды.


Алматыда КВИ-дің таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб  алматылықтарды карантиндік шектеулерді сақтауға, рұқсат етілген жұмыс кестесінен тыс ойын-сауық орындарына бармауға шақырады. Бетперде режимін қатаң сақтап, қоғамдық тамақтану орындары мен үйде де мерекелер ұйымдастырмаған жөн.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #кви #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика