Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ҚР Жазушылар одағының құрылтайы өтті

Алматыда ҚР Жазушылар одағының құрылтайы өтті

Әлеумет 12.05.2023, 08:29 1,943
Алматыда ҚР Жазушылар одағының құрылтайы өтті

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті ХVI құрылтайы өтті.


Құрылтайға Жазушылар одағының басқарма мүшелерімен қатар, еліміздің барлық өңірлеріндегі мүшелері, филиал директорлары, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерден құрметті қонақтар, өнер және ғылым қайраткерлері қатысты.


100 жылға жуық тарихы бар Қазақстан Жазушылар одағы еліміздің қоғамдық, саяси өміріне белсене араласып келеді. Бүгінгі таңда 963 мүшесі бар бұл одақтың ел өңірлерінде 19 филиалы жұмыс істейді.


ХVI Жазушылар құрылтайына арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың съезд делегаттарына жолдаған арнайы құттықтау сөзін оқып берді.


Съезд қатысушылары соңғы рет 5 жыл бұрын өткізілген құрылтайдан бергі уақытта өмірден өткен ақын-жазушыларды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.


Съездің ресми күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы – Ұлықбек Есдәулет атқарылған жұмыстар туралы, Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы – Әлібек Асқаров қоғамдық ұйымның бесжылдық есебі бойынша баяндама жасады.


Құрылтайдың жұмыс тәртібі бойынша Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа мүшелері сайланып, жабық дауыс беру нәтижесімен Қазақстан Жазушылар одағының төрағалығына Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы Мереке Құлкеновті сайлады.


Жаңадан сайланған Төрағаның ұсынысымен Басқарма мүшелеріне Одақ төрағасының орынбасарлары мен хатшыларының кандидатурасын ұсынып, көпшілік дауыспен  Нұржан Қуантайұлы, Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегманов,  Ғалым Қалибек, Бейбіт Сарыбай — (жастар жөніндегі орынбасары) мақұлданып, бекітілді.


Іс-шара соңында Қазақстан Жазушылар одағының  XVI құрылтай қатысушыларына арналған Үндеуі оқылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жазушылар #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика