Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған 4 а...

Алматыда қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған 4 адам ұсталды

Заң мен тəртіп 22.09.2023, 04:41 894
Алматыда қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған 4 адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ұялы телефон ұрлығы тыйылмай тұр.


Белгілі болғандай, 58 жастағы Б.есімді азамат 126-бағыттағы қоғамдық көлікке отырып, жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Осы уақытта қаланың Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығымен айналысқан тағы үш күдіктіні бір уақытта ұстады.



«Олардың бірі – Алматы облысынан келген 30 жастағы Н.есімді азамат. Ол жасөспірімнің телефонын ұрлап алған. Тағы бір қалта ұрысы – 30 жастағы А.есімді азамат дәл осы тізбекпен әрекет жасаған. Қоғамдық көлікте ол бөтен біреудің мобильді құрылғысын ұрлап, қашуға әрекеттенген. Қарт адамды тонаған жоғарыда аталған екі күдікті мен 35 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Осы эпизодтар бойынша қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика